Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
background_img.png?_=1716539130

Соколов Иван Евдокимович

Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының Ұлы Отан соғысы жылдарына байланысты жеке текті құжаттар қорлары бірегей  құжаттармен толықтырылды. Бұл Ұлы Отан соғысының ардагері, 674-ші авиациялық бомбалау полкінің штурманы, подполковник Соколов Иван Евдокимовичтің жеке ұшу кітапшасы мен жауынгерлік жұмыстар журналы.

Иван Евдокимовичтің жеке ұшу кітапшасы оқу-жауынгерлік жұмыстарынан дерек береді. Кітапшаның жазбаларынан ҰОС басынан аяғына дейін 211 рет самолеттің жауынгерлік мақсатта ұшырылғаны, ал 1937-1945 жылдардағы әскери қызметі барысында 600-ден астам ұшқаны жөнінде мағлұмат көрсетілген. Сонымен қатар, жауынгерлік жұмыстар кітапшасында да қызықты ақпараттар бар, ол 1942 жылдың қаңтар-наурыз айларын қамтиды. Аталған журналда әскери тапсырмалардың жалпы сипаттамалары – мерзімі, уақыты, ұшу  ұзақтығы, тапсырманың орындалу нәтижелері сияқты толық, әрі нақты деректер жазылып отырған.

И.Е.Соколов кішкентай кезінен әскери болуды армандап, мақсат қойды. Орынбор қаласындағы Ұшқыштар мектебін 1932 жылы тәмамдап, 1941 жылға дейін 70-ші авиациялық эскадрильде атқыш-бомбалаушы  болған. Ал 1941 жылдан бастап 11-ші Әскерінің әскери-әуе күштерінің 674-ші авиациялық бомбалау полкіне ауыстырылды.

1942 жылдың 30 наурызында әскери тапсырманы орындау барысында Иван Евдокимовичтің самолеті оқ астында істен шығып, өзі болса қатты жараланған болатын. Соғыс аяқталғаннан кейін Ақмола, Қарағанды, Семей аэропорттарында басшы болып өмірін сүйікті ісіне арнады.
Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі орденімен, Қызыл Ту және Қызыл Жұлдыз орденімен, «Әскери еңбегі үшін» медалімен,  сондай-ақ көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталды.






Журнал

 


Итоги налетов




 


Летная книжка




background_img.png?_=1716539130