Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
background_img.png?_=1716539130

Жемқорлыққа қарсы күрес

Жемқорлыққа қарсы күрес

Жемқорлыққа қарсы күрес

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 54-ө өкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт  


ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдаудың қорытындыларының
аналитикалық анықтамасы

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңының 8-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада №14441 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдау жүргізу үшін 14.10.2019 ж. 14 қазандағы №73 «жұмыс тобын құру туралы» бұйрық шығарылды.
«ҚЗТҚО» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылдың 15 мен 29 қазаны аралығы.
Талданатын кезең: 2019 жылдың 03 қаңтарынан 29 қазанына дейін.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен (бұдан әрі – үлгілік қағидалар) бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 8 тармағына сәйкес «ҚЗТҚО» КММ қызметіне ішкі талдау жасау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) «ҚЗТҚО» КММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) «ҚЗТҚО» КММ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Үлгілік қағидаларының 10 тармағына сәйкес, ұйымдастыру-басқару қызметі шеңберінде қаралған мәселелер:
1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызмет көрсету;
4) мемлекеттік сатып алу.

«ҚЗТҚО» КММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

«ҚЗТҚО» КММ қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша зерделенді:
«Ұлттық архив қоры туралы» Заң (Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2018 жылғы 16 мамырдағы № 155-VІ ҚРЗ-ның ережелерін ескере отырып), «Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары» (ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген), мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары (ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген), Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Архивтер мен құжаттама басқару комитетінің 2000 жылғы 2 қазандағы № 58 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің оқу залында зерттеушілердің жұмыс тәртібі»; «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру» мемлекеттік қызмет көрсету процестерін реттейтін нормативтік актілер – «ҚР мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №133 бұйрығы редакциясындағы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты.

Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар

«ҚЗТҚО» КММ қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің мазмұнын талдау барысында анықталмаған тұжырымдардың болуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар дискрециялық өкілеттіктер мен нормаларды қамтитын келесі ережелер анықталды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен (бұдан әрі – Ереже) бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтердің жинақтау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары:
– Ереженің 3-параграфының 26-тармағы: Ұлттық архив қорының құжаттарын, сондай-ақ уақытша сақтау мерзімі аяқталмаған архивтік құжаттарды жоспардан тыс қабылдау жинақтау көзі таратылған жағдайда немесе архивтік құжаттарды сақтауға қауіп төнген жағдайда жүзеге асырылады. (құжаттарға қауіп ұғымының тұжырымдамасы жоқ);
– Ереженің 3-тарауы 9-параграфының 194-тармағы: Аса құнды құжаттардың төлнұсқаларын, оның ішінде, мәдени құндылықтарға жатқызылған, сондай-ақ Ұлттық архив қорының физикалық жай-күйі қанағаттанғысыз құжаттарын архив қоймаларынан беру ерекше жағдайларда архив басшысының жазбаша рұқсатымен жүзеге асырылады;
– Ереженің 3-тарауы 9-параграфының 202-тармағы: Архивтік құжаттарды берудің белгіленген мерзімін ұзартуға ерекше жағдайларда архив басшысының жазбаша рұқсаты бойынша жол беріледі;
– Ереженің 4-тарауы 1-параграфының 236-тармағы: Архив қорларын қайта нөмірлеу тек ерекше жағдайларда архивтің СТК немесе ЖАО шешімімен және уәкілетті органның келісімімен ғана жүргізіледі.

Ереженің 5-тарауы 4-параграфының 399-тармағы 4-тармақшасы: пайдаланушылардың осы тармақтың 4 тармақшасында көрсетілген құжаттарға қол жеткізуі, сондай-ақ оларды пайдалануы тек ерекше жағдайларда, архив басшысының жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

Ұсыным: «Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларына» дискрециялық нормаларды жою бойынша архив ісі жөніндегі уәкілетті органға ұсыныс енгізілсін.

Мемлекеттік архивтердің жұмысы бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарындағы қайшылықтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қыркүйектегі №576 қаулысымен бекітілген «Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары» және Ұлттық архив қоры және архивтер туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 желтоқсандағы N 326-I Заңының ережелерінде анықталған қайшылықтардың болуы құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру процесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің пайда болуына мүмкіндік береді.
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының 8-бабы 4-тармағында: «Заңды тұлғалар таратылған кезде Ұлттық архив қорының құжаттары және жеке құрам жөніндегі құжаттар уәкiлеттi органмен келiсу бойынша тиісті мемлекеттік немесе арнаулы мемлекеттік архивке ретке келтірілген түрде сақтауға беріледі»; 13 бабы 1-тармағының 1-1 тармақшасында: «Ұлттық архив қорының құжаттарын ретке келтірілген түрде беру мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына, Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтерді өткізетін заңды тұлғалардың меншікті қаражаты есебiнен жүргiзiледi», – деп көрсетілген.
«Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларында» осы нормаға келесі қайшылықтар бар:
15-тармақ: Архивте құжаттардың құндылығын сараптау:
1) архивтік құжаттарды, оның ішінде таратылған ұйымдардан архивке түскен жеке құрам жөніндегі құжаттарды уақытша сақтау мерзімі өткеннен кейін жүргізіледі;
2) құжаттар реттелмеген күйде келіп түскен кезде жүргізіледі.
16-тармақ: Құжаттардың құндылығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 575 қаулысымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларына сәйкес архивтік құжаттардың меншік иесінің қатысуымен сараптама жүргізіледі.
19-тармақ: Сақтауға реттелмеген күйде келіп түскен құжаттардың құндылығын сараптау нәтижесінде архив тұрақты сақталатын, ұзақ уақыт сақталатын (10 жылдан аса) істер тізімдемелерін, жеке құрам жөніндегі істердің тізімдемелерін және сақтауға жатпайтын құжаттарды жинақтау көздерінің келісімінсіз жоюға бөлу туралы акт жасайды.
30-тармақ: Архивке реттелмеген күйде келіп түскен тұрақты және ұзақ уақыт (10 жылдан астам) сақталатын құжаттар тізімдеме жасалғанға дейін картоннан жасалған қатты мұқабаға тігіледі немесе барлық құжаттардағы мәтінді даталарды, визаларды, қарарларды және олардағы басқа да белгілерді еркін оқу мүмкінділігі ескеріліп түптеледі.
Ұсыным: Архив ісі жөніндегі уәкілетті органға «Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттiк және арнаулы мемлекеттiк архивтердің толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидалары» мен «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының ережелері арасында анықталған коллизияны (мазмұнның айырмашылығы) жою жөнінде ұсыныс енгізу.

«ҚЗТҚО» КММ ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Аппараттың қызметін және ұйымдастыру-басқару қызметін қамтитын нормативтік құқықтық актілерді зерделеу кезінде жоғарыда көрсетілген өлшемдер бойынша ішкі талдау мынаны көрсетті.
ҚЗТҚО штат саны 55 штаттық бірлікті құрайды, бос орындар жоқ.
Штатта: директор -1; директордың орынбасары -1; бас қор сақтаушы -1; бас бухгалтер -1; бухгалтер -1, кадр жөніндегі инспектор -1; заңгер-1, бөлім басшылары – 5; архившілер - 30, 13 ӘШБ қызметкерлері.
2019 жылдың 9 ай ішінде 4 маман жұмыстан босатылды: 1 – зейнеткерлікке шығуына байланысты, 1 – тұрғылықты жерін ауыстыруына және басқа қалаға көшуіне байланысты, 2 – басқа жұмысқа ауысуына байланысты.
Кадрлардың айтарлықтай тұрақсыздығы байқалмайды. Алайда, мамандардың жоғары жұмысбастылығы және төмен еңбекақыға байланысты осындай ықтималдықтар байқалады.
Мәселен, 2019 жылдың 9 айында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімімен 12328 сұраныс орындалды, бұл олардың орындалуымен айналысатын 7 маманға нормамен 3780 сұранысты құраған кезде, белгіленген нормадан 3 есе көп орындалғанын көрсетті.
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі №103 бұйрығымен бекітілген «мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдарының мамандары санының нормативтерін есептеу тәртібі» негізінде жүргізілген есепке сәйкес, «ҚЗТҚО» КММ-де мемлекеттік сақтаудағы құжаттардың санын есепке ала отырып, мамандар саны 63 адамды құрауы тиіс.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде келесі фактілер анықталған жоқ: мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен аффилирленуі, мемлекеттік сатып алу кезінде лауазымды тұлғалардың аффилирленуі, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың және жекжаттардың бірлескен жұмысы, қолданыстағы заңнамамен лауазымды тұлғалар үшін белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзу.
Азаматтық тұлғаларды жұмысқа қабылдау директордың, директордың орынбасарының, кадр жөніндегі инспектордың және бос жұмыс орны бар бөлім басшысының қатысуымен сұхбаттасу түрінде өтеді.

Толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімі бойынша

Бөлімнің негізгі міндеттері: «ҚЗТҚО» КММ басқару, ғылыми-техникалық, жеке адамдардың, кино-, фото-, фоно, бейнеқұжаттармен жинақтауды ұйымдастыру болып табылады; «ҚЗТҚО» КММ жинақтау көздері болып табылатын ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындардың ведомстволық архивтерінің іс жүргізу қызметіне ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасау; келісім-шарт негізінде құжаттарды реттеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысының болуы, бөлім қызметкерлерінің басшымен аффилиирленуі фактілері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзушылықтары анықталған жоқ. Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлім басшысының 1 бірлігі, 9 бірлік архивші болды.
Бөлім қызметіне жүргізілген талдау нәтижесінде оның мамандарының жұмыс ерекшелігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелінің болуы анықталды.
«ҚЗТҚО» КММ жинақтаудың қайнар көзі болып саналатын – мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың кураторлары бола отырып, іс жүргізуді ұйымдастыруға және құжаттарды ведомстволық сақтауға әдістемелік және практикалық көмек көрсете отырып, сонымен қатар ҚЗТҚО және облыстық СТК сараптау комиссиясының құрамына кіре отырып, бөлім мамандары жетекшілік ететін ұйымдарда дайындалған құжаттарды қарау кезінде, ҚЗТҚО СК және ШҚО СТК мәжілістерінде мүдделі тұлғалар бола алады.
Ұсынымдар: сыбайлас жемқорлық тәуекелінің алдын алу үшін құқықтық жаппай оқу жүргізілсін.

Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімі бойынша

Бөлімнің негізгі міндеттері: архив қорлары мен құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және сақтауды ұйымдастыру; «ҚЗТҚО» КММ құжаттарын мемлекеттік есепке алу; бірегей, аса құнды және құпиясыздандырылған құжаттармен жұмыс кешенін жүргізу болып табылады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлім мамандарының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілерді жасауға ықпал ететін НҚА ережелері белгіленбеген.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысының болуы, бөлім қызметкерлерінің басшымен аффилиирленуі фактілері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзушылықтары анықталған жоқ. Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлім басшысының 1 бірлігі, 1 құжаттарды қалпына келтіруші, 5 бірлік архивші болды.
Алайда, сақталған құжаттар көлеміне қарай ҚЗТҚО мамандарының қажетті штат санының жоғарыда келтірілген есептеріне байланысты, белгіленген өндіру нормасының бір маманға артуына байланысты бөлім штатын ұлғайту қажет.
Бөлім мамандары заңды және жеке тұлғалармен байланыспайтындықтан, мұнда сыбайлас жемқорлық қаупі төмен.

Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімі бойынша

Бөлімнің негізгі міндеттері: «ҚЗТҚО» КММ сақталатын, пайдаланылатын және жарияланатын ҰАҚ құжаттарына ғылыми-анықтамалық аппарат құру бойынша «ҚЗТҚО» КММ жұмысының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру, құжаттарды пайдалану және жариялау саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибені зерделеу және қорыту, оны бөлімнің жұмыс тәжірибесіне енгізу болып табылады.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысының болуы, бөлім қызметкерлерінің басшымен аффилиирленуі фактілері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзушылықтары анықталған жоқ. Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлім басшысының 1 бірлігі, 1 археограф, 1 архивші-аудармашы, 1 архивші болды.
Бөлімнің халықтың қалың жігіне қызмет көрсетуіне байланысты архивтік ақпарат және ағартушылық қызмет көрсету аясында бөлім мамандарының заңды және жеке тұлғалармен тікелей байланысы бар, алайда ақылы қызметтер болмағандықтын, сыбайлас жемқорлық құрамы аз және осы анықтаманың 1.1 және 1.2 бөлімінде баяндалған құқықтық коллизиялармен байланысты.
Ұсынымдар: сыбайлас жемқорлық тәуекелінің алдын алу үшін бөлім мамандарына құқықтық жаппай оқу жүргізілсін.

Ақпараттық технологиялар бөлімі бойынша

Ақпараттық технологиялар бөлімінің негізгі міндеттері: Архив процестерін ақпараттандыру, ҚЗТҚО электрондық архивін құру, электрондық ақпараттық-іздестіру жүйелерін дамыту бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру болып табылады.
«Бөлім қызметіне қатысты нормативтік құқықтық және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша зерделенді: ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңы, ҚР 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңы, ҚР Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 ««Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығы, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысы.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша ақпараттық технологиялар бөлімі мамандарының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін, нормативтік құқықтық актілерді ерікті түрде түсіндіру мүмкіндігін туғызатын құқықтық олқылықтарды іске асыру кезінде кедергілерді жасауға ықпал ететін ережелер анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталмады.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысының болуы, бөлім қызметкерлерінің басшымен аффилиирленуі фактілері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдардың бұзушылықтары анықталған жоқ. Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлім басшысының 1 бірлігі, 1 бағдарламашы, 2 бірлік архивші болды.
Ақпараттық технологиялар бөлімі архивтік үрдістерді ақпараттандыру және архивтік ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Осыған байланысты бөлім қызметкерлері ҚЗТҚО-ның меншікті интернет-сайтын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, архивті ақпараттандыру объектілерін қорғау және қауіпсіз жұмыс істеу мониторингін жүзеге асырады. Бөлім мамандары заңды және жеке тұлғалармен байланыспайды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық қаупі аз.

«Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері: азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік қызметін көрсету, сондай-ақ барлық меншік нысанындағы мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың сұраныстарын орындауболып табылады.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлім мамандарының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруы кезінде кедергілерді жасауға ықпал ететін НҚА ережелері белгіленбеген.
Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысының болуы, бөлім қызметкерлерінің басшымен аффилиирленуі фактілері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істейді, кадрлардың тұрақтамауы жоқ. Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлім басшысының 1 бірлігі, 2 бірлік әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды тіркейтін архивші және 7 бірлік сұраныстарды орындайтын архивші болды.
«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 13.05.2019 ж. №133 бұйрығының редакциясында «ҚЗТҚО» КММ бір ғана – «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Талдау нәтижесінде жұмыс тобы келесіні анықтады:

Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс.

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 3-тармағының 1, 2 тармақшасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жолмен жүзеге асырылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі — портал) арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Есепті кезеңде «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік қызметін орындау мерзімі бұзылған жоқ.
Архивте өтініш берушілердің жеке қабылдауын жоюға байланысты қызмет беруші мен қызмет алушының тікелей байланыс қаупі азайтылды.
Алайда, көбінесе ««Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» немесе «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түсетін сұраныста оны орындау үшін қажетті толық қамтылмаған ақпаратқа байланысты бөлім маманы нақтылау үшін өтініш берушіге жүгінуге мәжбүр болады (тұрмыс құрғанға дейінгі тегі көрсетілмеген жағдайда, өтініш беруші жұмыс істеген кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесін көрсетпеген кезде, тұрғанын және т.б. расталған кездегі үйдің (отбасының) иесі), яғни қызмет алушымен осындай кезде сыбайлас жемқорлық қаупіне әкеп соғатын тікелей байланыс туындайды.

Мемлекеттік қызметті алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының (бұдан әрі — заң) 5-бабы 2-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қызметті берушілер көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде талаптары жоғары адамдар үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
Осы мәселені шешу мақсатында «ҚЗТҚО» КММ мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылданды – арбалы мүгедекке өз бетімен ғимаратқа шығуға мүмкіндік беретін арнайы пандус жасады.
ҚЗТҚО-ның орталық кіреберісінде пандустың орналасуын көрсететін пиктограмма мен бағдарланған көрсеткіштер орналасқан. Сондай-ақ тиісті пиктограммалар мен көрсеткіштер ҚЗТҚО ғимаратында бар. Олар келушілерді қабылдау кабинетіне жіберуді, сондай-ақ пандуспен жабдықталған ғимараттан шығу бағытын көрсетеді. Көмекшіні шақыру батырмасы бар.

Ұсынымдар:
1) «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бөлім мамандары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту;
2) берілетін архивтік анықтамалардың мазмұнын архивтік құжаттарға сәйкестігіне тұрақты тексеруді жалғастыру.
3) «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінді көшірмелерді беру» мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырылсын.

Мемлекеттік сатып алулар

Талданып отырған кезеңде осы бағыт бойынша мемлекеттік органдар жұмыстарды тексеруді жүргізген жоқ.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына және ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген және 2016 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілген «мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес жүзеге асырылады.
Талдау жүргізу кезінде мыналар анықталды: бекітілген мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес 2019 жылдың 9 айында 96 сатып алу өткізілді, оның ішінде:
4 – баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен;
91 – бір бастамадан алу тәсілімен;
1 – ашық конкурс тәсілімен.
Талданып отырған кезеңде «Aevek» ЖШС жауапсыз тапсырысты жеткізуші деп танылып, өндіріп алу туралы сотқа 1 талап арыз жіберілді.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу электрондық түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі және тапсырысты жеткізуші мен қандай да бір байланыс жасамайды. Шарттарды жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағасын айқындауға мүмкіндік берді. Электрондық шарттарды және осы рәсімді оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған басқа да бірқатар нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық қаупін азайтуға мүмкіндік берді.
Алайда, ішкі талдаудың нәтижелері бір бастамадан алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың едәуір санын өткізу әлеуетте теріс фактор болып табылатынын куәландырады, себебі өз негізінде сыбайлас жемқорлық құрамдасы болуы мүмкін.

Ұсынымдар:
1) ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «мемлекеттік сатып алу туралы» және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасының» ережелері мүлтіксіз сақтау;
2) мемлекеттік сатып алу бойынша семинарларға қатысу арқылы есеп бөлімі мамандарының біліктілігін арттыру;
3) осы тәртіпті реттейтін заңнама мен нормативтік-құқықтық актілерді тұрақты түрде зерделеу;
4) 2020 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру кезінде бір бастамадан алу тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу үлесін азайту мәселесін пысықтау.

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ директорының орынбасары М.Перебеева

ШҚО МАжҚБ «ҚЗТҚО» КММ бас есепшісі Э.Имаканова

Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Кадырова

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің басшысы М.Исенова

Кадрлар ісі жөніндегі инспектор К.Мырзаханова

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Қаржы және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Смағзамова

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы А.Карагызов

Келісілді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Д.Саримов
background_img.png?_=1716539130