Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
background_img.png?_=1716539130

Архив тарихы

    Қазақстандағы ең көне архивтердің бірі, бүгінгі таңда «Абай облысы мемлекеттік архиві» деп аталатын Семей облысының мемлекеттік архивіне 100 жыл толады.
Семейде кеңес үкіметін қайта қалпына келтіру үшін Колчак әскерлерімен болған күрес енді басылған кезеңде, 1920 жылдың 29 наурызында губерниялық революциялық комитеті «Өлкеміздің тарихы туралы құнды деректерді жинап және сақтау үшін губерниялық архив қорын құру» туралы шешім қабылдады.
   Алғаш губерниялық архив қорының жетекшісі болып Н.Я.Коншин тағайындалды. Қоғам қайраткері, өлкетанушы, Ярославск заң лицейі мен Мәскеу университетінде білім алған ол – Ресей географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімшесінің мүшесі болды, архив құжаттарымен көп жұмыс істеді, жазған бірқатар «Дело о Дубинушке», «Жандармские наблюдения за семипалатинскими чиновниками», «Материалы по истории политической и административной ссылки в Степной край» еңбектерінің авторы ретінде де танымал болды.
Коншин губерниялық архив жұмысына Қазақстанның Ертіс өңірінің тарихын, оның әлеуметтік-тұрмыстық жағыдайын, мәдениетін жақсы білетін Н.А.Бахирев, Б.Г. Герасимов сияқты танымал өлкетанушыларды тарта білді. Архивке тас бөлме бөлінді (ені 6 қадам және ұзындығы 12), штат 4 адамнан тұрды.

Н.Я.Коншин
   1920 жылы 1 сәуірден бастап Коншин және оның әріптестері аса қиын да маңызды іске кірісті, ол революцияға дейінгі кезеңдегі бытыраңқы және қараусыз қалған архив мекемелерін топтастыру. Азамат соғысы архив ісіне түзелмейтін зиянын тигізді – құжаттар жағатын отынның жоқтығынан, макулатура ретінде сатылды. Сондықтан, 1920 жылдың тамызында губерниялық архивтің қызметкерлері жан-жақтағы уездерге іс-сапарларға шығып, уақыт өткізбей, сақталған құжаттардың санын нақтылауға және оларды сақтап қалу үшін шаралар қолдануға кірісті.
     Жұмыстың ауырлығына қарамастан, Н.Я.Коншин өзінің кішігірім ұжымымен, қысқа мерзім ішінде революцияға дейінгі өлке мекемелерінің өте құнды ондаған мың материалдарын жинақтады, яғни: земстволық, сот, полицейлік және жаңа, кеңестік құрылымдардың: губерниялық төңкерістік комитетінің, губерниялық атқару комитетінің, губерниялық халық шаруашылығының, губерниялық жер бөлімінің құжаттарын жинақтауды ұйымдастырды. Сонымен қатар құжаттарды сипаттау, оған ғылыми-анықтамалық аппарат құру қоса жүргізілді.
    Ұйымдастыру кезеңінде губерниялық архив Сібір аймақтық архивінің қарамағында болды. Бірақ бір жылдан соң губернияны Қазақ (Қырғыз) республикасына беруіне байланысты ол КАССР халық ағарту комиссариаты архив ісі бойынша басқармасының құрамына өтті.
Семей губерниялық архив басқармасы 1920 жылдың сәуір айында құрылды. Сол кезде ол ең алдымен атқарушы комитеттің құрамына кірді, содан кейін халық ағарту ісінің губерниялық басқармасына бағынады.
     1923 жылы мамырда архив басқармасы – губерниялық атқару комитеті Президиумына қарасты губерниялық Архив бюросына айналды.
аймақтық әкімшілік мекемелердің істерін сақтайтын бұрынғы Семей облыстық басқармасының архиві; казак қоныстары мен қалалық полицияның бұрынғы қалалық және мещандық басқармасының құжаттары шоғырланған қалалық архив, сонымен қатар бұрынғы Семей окгуртық прокурорлық қадағалау сотының, уездік және бірінші инстанциялы соттар архиві бағынды.

    Губерниялық архивті толтыру және іріктеу мақсатында архив қызметкерлері облыстағы барлық жаңа кеңестік мекемелерді аралап, жеке мәліметтер таратты. Зайсан, Көкпекті, Өскемен қалаларына іс-сапарлар жасады.
      1925 жылы губерниялық архив 12 қормен толықтырылды, оның ішінде 9-ы революцияға дейінгі болса, ал 3-еуі революциядан кейінгі.
Республиканың әрі қарайғы әкімшілік-аумақтық құрылымының одан әрі жетілдірілуі, 1928 жылғы округтер мен мекемелердің құрылуына, 1931 жылғы аудандық архив желілерінің құрылуына, сонымен қатар  архив мекемелері жүйесінің өзгеруіне әкелді. Мысалы, 1928 жылдың жазында губерниялық архивтік бюроның атауы округтік архивтік бюро болып өзгертілді. Сол уақытқа дейін Семей губерниялық архивінде сақтауда 40 мың іс болды.
     1931 жылы округтерді жою және әкімшілік-аумақтық бөліністің аудандық жүйесін құру жөніндегі іс-шаралардан кейін, Семей қаласында 30 әкімшілік ауданға қызмет көрсету үшін КАССР Орталық архив басқармасының бөлімшесі құрылады. Осы кезеңде архивте мемлекеттік сақтауда 30 мыңнан астам құжаттарды қамтитын революцияға дейінгі 109 қор болды.
Шығыс Қазақстан облысының құрылуына байланысты орталығы Семей қаласында 1932 жылы 1 сәуірде Шығыс Қазақстан Архив басқармасы құрылды. Архив басқармасы облыстық жұмысшылар, шаруа және Қызыл әскер депутаттары Кеңесінің Атқару Комитеті бөлімінің иелігінде болды. Облыстық архив құрылымында 4 бөлім болды: Тарихи, Қазан төңкерісі, құпия және кітапхана. Архив қорының құрамында 220 мың іс болды.
    ОАК және КазКСР ХКК Президиумының 1935 жылғы 9 наурыздағы қаулысына сәйкес аудандық архивтерді құру бойынша бес жылға созылған жұмыс басталып, 1938 жылға қарай облыста 13 аудандық архив жұмыс істеді.
   1939 жылғы 23 сәуірдегі ІІХК №208 бұйрығымен Шығыс Қазақстан Архиві басқармасы ШҚО ІІХК Басқармасының қарамағына берілді. 1939 жылдың 14 қазанында Семей облысының ШҚО құрамынан бөлінуіне байланысты, ШҚО ІІХК Басқармасы бөлімшесі Семей облысының ІІХК Басқармасы Архиві бөлімшесі болып өзгертілді.
     1940 жылы Семей облыстық архивінде 614 қор сақтауда болды, оның ішінде революцияға дейінгі – 140, және революциядан кейінгі – 474 қор еді.
Соғыс жылдары облыс архиві өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Архив қызметкерлері госпитальдарда, әскери комиссариаттарда әңгіме өткізіп, әскери дәріс оқыды. Архивке сақтауға 14 қор мөлшерінде Шешен-Ингуш АССР ІІХК мемлекеттік архивінің эвакуацияланған құжаттары келіп түсті.
    1947 жылы Қазақстанның орталық архивтерін нығайту және Республиканың мемлекеттік архивтерінің бейінін нақтылау бойынша жұмыс барысында 1786-1917 жылдар аралығында 10 мыңға жуық іс бар 147 қор ҚазКСР Орталық мемлекеттік архивіне (Алматы қаласы) берілді, Қызыл Армия тарихына, ерекше мақсаттағы бөлімдерге, әскери госпитальдарға қатысты бірқатар қорлар Мәскеу мен Ленинградтың мамандандырылған архивтеріне берілді. Семей архивінің қорлары – Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының мемлекеттік архивтерін құруға негіз болды. Олардың қалыптасу тарихына қатысты материалдарды Семей архиві берді. Өз кезегінде, Семей және облыс мекемелерінің қызметіне қатысты құжаттар Омбы, Новосибирск, Томск, Талдықорған облыстық мемлекеттік архивтерінен алынды.
    1960 жылғы 17 маусымдағы ҚазКСР Министрлер Кеңесінің Қаулысы негізінде Семей облысының архив ісі облыстық атқару комитетінің тікелей басшылығына берілді.
Аудандық архивтер таратылды. Қаз КСР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 21 мамырдағы қаулысымен, сондай-ақ Семей облысы атқару комитетінің 4 маусымдағы №313-12 шешімімен Аягөз және Шар қалаларында облыстық мемлекеттік архивтің екі филиалы ұйымдастырылды. Филиалдар сегіз аудандық архивтің құжаттарын сақтауға қабылдады, қалған жеті архивтің құжаттары Семей облысының мемлекеттік архивіне тапсырылды.
   60-шы жылдардың ортасынан бастап мемлекеттік сақтауға тапсыру үшін құжаттарды сапалы дайындау мақсатында облыстық архив құрамында шаруашылық есеп тобы жұмыс істеді, ол мекемелермен, ұйымдармен және кәсіпорындармен келісім-шарт негізінде құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеуді және оларды облыстық мемлекеттік архивке және оның филиалдарына тапсыруға дайындауды жүзеге асырды.
    80-ші жылдары облыстық архив мекемелерінің жүйесі кеңейтілді. Қаз.КСР Министрлер Кеңесінің 1985 жылғы 15 шілдедегі №248 Қаулысына сәйкес, облыста 12 аудандық архивтер құрылды. Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті архивтері бүгінгі күні де табысты жұмыс істеуде.
    1992 ж. мемлекеттік архив қорының құрамына Қазақстан Компартиясы Семей облыстық комитеті архивінің – 1263 қор, 191130 сақтау бірлігі құжаттары қосылды.
    1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты архив ШҚО қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы болып қайта құрылды.

Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы  №209  қаулысы негізінде  «Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Абай облысының мәдениет,  тілдері дамыту және архив ісі басқармасының  «Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.


    "АОМА" құжаттар құрамын 631930 сақталу бірлігі құрайды, 1917-2017 жылдар бойынша архив қорларының саны – 2465, фотоқұжаттар – 7970 бірлік, фоно (дыбыстық) – 123 қор, бейнеқұжаттар – 146, киноқұжаттар 1187 с.б., ғылыми-техникалық құжаттаманы 1982 с.б. құрайды.
     АОМА-да сақталған мыңдаған қор жинағы – Семейдің Ертіс өңірі тарихынан сыр шертеді, ол біздің өлкеміздің әлеуметтік дамуын, Семей қаласының Қазақстандағы ірі өнеркәсіп және мәдени орталығына айналғанын көрсетеді. Құжаттарда – көпшілікті елең еткізген, бірінші бес жылдықтағы аса зор құрылыстар – Түрксіб, «Восточное кольцо» жолы, Ертістегі алып өнеркәсіп – Ет консерві комбинатының құрылысы тарихта өшпес із қалдырғанын көруге болады.
    Ұлы Отан соғысы жылдарының құжаттары – бұл біздің жерлестеріміздің еңбек және майдандағы батырлық ерліктерінің жылнамасы. Мемлекеттік архив қорларында майдан мен тылдың өзара берік байланысын көрсететін – соғыстағы жерлестерімізге азық-түлікпен, киім-кешекпен көмек бергендігі туралы көптеген мәліметтер бар. Құжаттар облыс аумағында  8-ші Ямпольск және 30-шы гвардиялық Рига атқыштар дивизияларының құрылғандығы туралы сыр шертеді.
   Семейліктердің Сталинград қаласын, Ставрополь, Краснодар аймақтарының, Орлов облысының соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын қалпына келтіруге қатысқандары туралы материалдар үлкен қызығушылық тудырады.
  Сақталған фотосуреттер, киноқұжаттар, аудиожазбалар қаламыздың тамаша дарынды қонақтарымен – көрнекті қазақ жазушысы М.О.Әуезовпен, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен, Ф.М.Достоевскийдің немересі А.Ф.Достоевскиймен, Невзоровтар отбасымен, көркем музейлердің негізін қалаушылармен, жазушы және қоғам қайраткері О.Сүлейменовпен болған кездесулерді растайды.
АОМА-ның архив қоры – жеке текті құжаттардың құнды қазынасы. Олар – Азамат және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Кеңес Одағы Батырлары: Н.Н.Силиннің, А.Ибраевтың, Ж.Молағалиевтің, А.А.Баздыревтің, М.М.Медведевтің, Социалистік Еңбек Ерлері – М.Бейсембаевтың, Р.Нұржанованың, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген дәрігері – А.Қозбағаровтың, жазушылар М.Сәрсекеевтің, Д.Черепановтың, С.Т.Табариковтың, ақын және аудармашы М.Султанбековтың, Қазақ КСР-ның Халық әртісі К.Сәкиеваның, Қазақ КСР-ның Еңбек сіңірген әртісі Т.Иісованың, Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі М.М.Беляевтың, ақын Қ.Алтынбаевтың,  сәулетшілер одағының мүшесі, қаланың бас сәулетшісі Г.М.Овчинниковтың, халық ағарту ісінің үздігі, №6 мектеп-гимназиясының өлкетану музейінің жетекшісі Л.Б.Кравченко, атақты Семей өлкетанушысы В.Н.Кашляк, қазақ әдебиетінің классигі М.Сәрсекеевтің және біздің аймақтың көптеген еңбек сіңірген адамдарының шынайы құжаттары сақталған.
     АОМА «Алтын қорының» ажырамас бөлігі – газеттер қоры болып табылады, олар 1905 жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. 1918 жылғы «Известия», 1905 жылғы
«Вечерняя почта», 1917 жылғы «Воля народа», 1918 жылғы «Трудовое знамя» сияқты газеттер тек АОМА-ның қорларында сақтаулы.
 Бұрын көптеген құжаттар негізсіз зерттеушілердің кең қол жеткізуі үшін жабылды. Мемлекеттік билік, әділет мекемелерінің және бірқатар кәсіпорындардың қорлары, бұрынғы партия архивінің қорлары осындай болды. Архившілер зерттеушілердің қорларға қол жеткізуін шектемеу және кеңейту бойынша үлкен жұмыс жүргізді. 5 жыл бойы жұмыс істеген құжаттарды құпиясыздандыру жөніндегі комиссия зерттеушілер үшін бұрын 11168 құпия құжаттарға қол жеткізуді ашты.
    Қазақ тіліндегі құжаттарды ғылыми айналымға енгізуге баса назар аударылды. Оған мемлекеттік тіл мәртебесін беру арқылы мемлекеттік архивте араб және латын графикасын қолдану арқылы қазақ тілінде орындалған құжаттарға талдау жүргізілді. Қазір бұл құжаттар зерттеу тәжірибесінде көбірек қолданылуда, ғылыми-практикалық конференциялар, телехабарлар, дәрістер мен мектеп сабақтары барысында қазақ тіліндегі құжаттар кеңінен насихатталуда.
    90-шы жылдары қоғам өміріндегі аса ірі тарихи оқиғаларға байланысты: республиканың егемендік алуы, жариялылық, тарихи ғылымда жаңа тәсілдер, қалыптасқан стереотиптердің ондығын сын тұрғысынан қайта пайымдауына байланысты архившілер жұмыстарының нысандары мен әдістері өзгере бастады. Аз зерттелген тақырыптар бойынша құжаттарды анықтауға және оларды ғылыми айналымға енгізуге ерекше назар аударылды. Семей Ертіс өңіріндегі Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, А.Лекеров сияқты ақталып шыққан, қазіргі қоғам және саяси қайраткерлер туралы анықталған материалдар теле және радиохабарлар дайындауға ғана емес, сондай-ақ олардың ғылыми айналымға жазған құжаттардың түпнұсқаларын алғаш рет енгізуге мүмкіндік берді.
Семей губерниясындағы ұжымдастыру, аштық, бай-болыстардың мүлкі мен малын тәркілеуге қатысты құжаттардың үлкен көлемі анықталды. Архивисттер «ақ дақтарды» жоюға, көптеген ұрпақтың тағдырына әсер еткен оқиғаларды объективті жариялауға үлкен күш салды. Табылған материалдар ҚЗТҚО мамандарымен және Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті тарихи зерттеулер орталығының қызметкерлерімен бірлесіп дайындалған «Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья» (ХХ ғ. 20-30-шы жылдары) құжаттар жинағына кірді.
2000 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік тарихи архивке (Санкт-Петербург қ.) және Ресей мемлекеттік ежелгі актілер архивіне (Мәскеу қ.), Омбы және Томск мемлекеттік архивтеріне, Алтай өлкесінің архив қорларын сақтау орталығына іс-сапарлар жүзеге асырылды.
Осы архивтерде анықталған құжаттар Ресеймен, Орта Азия елдерімен, Қытай Халық Республикасымен тату көршілік қарым-қатынаста маңызды орын алатын ішкі және сыртқы сауданы дамытудағы Семей қаласының және оның әкімшілік орталығының рөлі туралы мәліметтер «Торговые связи Семипалатинского Прииртышья XVIII – начало XX вв.» жинағына кірді. XVIII ғ. басынан бастап ХХ ғ. 30-шы жылдарына дейінгі ұзақ кезеңдегі Шығыс Қазақстанның әкімшілік басқару және аумақтық құрылымын көрсететін архивтік құжаттар енгізілген; «Развитие горного дела в Восточном Казахстане (XVIII в. – 30-е гг. ХХв.)» жинағында Шығыс Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің негізгі салалары – алтын мен түсті металл кендерінің өндірісі, Шығыс Қазақстандағы Азамат соғысы, 1917-1922 жылдар, «Қарсы тұру» (Семей ядролық сынақ полигонының жабылу тарихы туралы) туралы архивтік құжаттар ұсынылған. «Развитие народного образования в Восточном Казахстане, XIX– начало XX вв.»  атты екі томдық жинақ Шығыс Қазақстан аумағында Кеңес дәуіріндегі үкімет саясатын жүзеге асыруды және Семей қаласы мен Семей (Шығыс Қазақстан) облысындағы халық білімінің кеңестік жүйесінің қалыптасуын баяндайды.
Шығыс Қазақстанда танымал өлкетанушы, тарихшы, архивші Н.Я.Коншиннің 145 жылдығына орай қазіргі уақытта библиографиялық сирек кездесетін факсимильдік тәсілмен жаңғыртылған еңбектерінің жинақтары шығарылды. Сондай-ақ, орталық 15 томдық «Записки Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского отдела Русского географического общества» атты бірегей басылымын шығарды.
АОМА ғылыми-баспа қызметін дамытуда шығармашылық байланыстар үлкен рөл атқарады. АОМА мамандары Ресей Ғылым Академиясы Сібір бөлімінің тарих институтының ғалымдарымен, тарих ғылымдарының докторлары В.С.Познанскиймен және М.П.Малышевамен бірге 1932-1933 жылдардағы ашаршылық туралы баяндайтын «Из истории величайшей трагедии казахского народа» атты құжаттар жинағын шығарды. Жинақ оны дайындаудың бастамашысы болған Владимир Семенович Познанскийдің құрметіне арналған, бірақ ол жинақтың жарыққа шыққанын көрмей кетті.
Алаш партиясының 90 жылдығына орай, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғалымдары мен «Алаштану» тарихи зерттеу орталығы бірлесіп «Из истории Восточного отделения Алаш-Орды» атты құжаттар жинағын шығарды. 2017 жылы Алашорда ұлттық-демократиялық қозғалысының 100 жылдығы мен М.О.Әуезовтың 120 жылдығына орай аталып өтілген мерейтойға байланысты, архивте сақталған құжаттар негізінде АОМА «Алаштың алыптары» фотоальбомы мен «Мұхтар Әуезов және архив» кітапшасын басып шығарды.
АОМА жерлестеріміздің ҰОС-дағы жеңіске қосқан үлесін жариялау бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Облыстық «Прииртышская правда», «Екпінді» газеттерінің негізінде дайындалған «Летопись Семипалатинского Прииртышья в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 гг.» кітапшасы; Кеңес Одағының Батыры Н.Н.Силиннің өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған «Всегда в строю» атты кітапшасы басып шығарылып, ол туралы жеке қор АОМА-да мемлекеттік сақтауда тұр; «Завтра возвращаюсь на фронт...» (соғыс жылдары Семей қаласына орналастырылған эвакуациялау госпиталі тарихынан); Семей қаласында құрылған 8-ші Ямполь және 30-шы Гвардиялық Рига атқыштар дивизияларына арналған «Семипалатинские дивизии»; «И помнит мир спасенный...» мерейтойлық құжаттар жинағы басып шығарылды.
АОМА-да құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, оның ішінде мәтіні өткен құжаттарды қалпына келтіру шаралары бойынша ақпараттық технологияларды енгізу ерекше орын алады. Бұл міндеттерді арнайы бөлім орындайды. Бөлім мамандары құжаттардың электрондық архивін құруға көп көңіл бөлуде.
Біз қазіргі уақытта зерттеушілердің кең ауқымда қолжетімді пайдалануы үшін сақтық қоры болып табылатын аса құнды құжаттардың электронды көшірмелерін құрумен айналысамыз.
Құжаттарды пайдалану тиімділігін арттыру, оның ішінде азаматтардың әлеуметтік құқықтарын іске асыруда да тұрақты түрде толықтырылып отыратын тақырыптық деректер базасы, электрондық анықтамалар, каталогтар қызмет етеді.
     АОМА-ның кең және әртүрлі жоспарлы қызметінің бейнесі өз сайтының беттері болып табылады. Архив қызметкерлерінің редакциялау, ақпаратты орналастыру, бөлімдерге қызмет көрсетуі бойынша жұмыс жүргізілуі арқылы сайт жұмысы үнемі жетілдіріп отырады. АОМА өз сайтында жарияланымдардың, құжаттық басылымдардың электрондық нұсқаларын жариялап отырады.
     АОМА ведомстволық архивтер мен Семей және Курчатов қалаларында орналасқан барлық меншік нысанындағы мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындарды құжаттық қамтамасыз ету қызметіне әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады.
   Азаматтарға өздерінің әлеуметтік құқықтарын іске асыруда көп жағдайда ретроспективті ақпарат көздері ретінде іс жүргізу қаншалықты жақсы жолға қойылғандығына, құжаттардың сақталуының қаншалықты қамтамасыз етілгендігіне байланысты мүмкіндік беретін. Бұл іске аса жауапкершілікпен қарайтын «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық Орталығы», «Атом энергиясы институты» филиалы, «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалы, «Геофизикалық зерттеулер институты», «Семей қаласының қазынашылық басқармасы» ММ, «Семей қаласының цемент зауыты» ЖШС, «Р.Байсейітов атындағы Семей қаласының қаржы-экономикалық колледжі», «Семей қаласының қаржы бөлімі» ММ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Семей филиалы, Сервис колледжі, Семей қалалық соты, «Семей қ. Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі» ММ айтып өтуге болады.
     Архив қызметкерлері біздің қиын кезеңдеріміздің құжаттық куәліктерін жинау және сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауда. Бірақ архив тек құжаттар ғана емес, ең алдымен адамдар. Онсыз архив жай ғана қойма болып қала бермек. Архивші мамандығы түпнұсқадан кең ақпарат алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, тарихи сезімді дамытады, күнделікті бір сарынды тірліктен сергітеді, бастысы болмашы оқиғалардан ажыратуға үйретеді. Адам баласы архивте аз уақыт қана жұмыс істеуі мүмкін немесе онда мәңгі қалады делінген.
архивтің өзіміздің «Алтын қоры» бар. Олар әрдайым кәсібилігімен, жауапкершілігімен, шығармашылық әлеуетімен және еңбекқорлығымен ерекшеленетін архив ісінің ардагер-мамандары: Б.Б.Накибаева, М.И.Перебеева, Ж.Б.Оксумбаева, Н.В.Яковлева, М.Б.Карандашова, М.С.Сулейменова ерекше құрметке ие. Ал, олардың тәжірибесін ар қарай жалғастырушы жастар Л.Қ.Қадырова, М.С.Жумадилова, М.Т.Исенова, А.Қ.Мукатова.
    Бүгін архившілер, өзінің 100-жылдық мерейтойын тойлай отырып, өздерінің табыстарымен, халықтың тарихи естелігі болып табылатын мемлекеттік маңызы бар құжаттарды сақтауға ат салысып, архив ісінде қалқысыз қызмет ететін біліктілігі мен шеберлігі жоғары мамандарын мақтан тұтады.
background_img.png?_=1716539130