Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
background_img.png?_=1716539130

Жеке текті қорлармен жұмыс

Жеке текті қорлармен жұмыс

ШҚО Семей қаласы АОМА-да жеке текті құжаттарды жинақтау, пайдалану, сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіледі.
Жеке текті құжаттар жеке азаматтың, жанұяның немесе тектің өмірі мен қызметі барысында құрылады. Олар қоғамдағы адам өмірінің барлық қырын ашатын құнды деректер болып табылады.
Жұртшылық қауым мен зерттеушілер үшін қызығушылық тудыратын құжаттары бар жеке мұрағаттар ұстайтындар қатарына: аса көрнекті қайраткерлер, өлке дамуына салмақты үлес қосқан – кеңестік-партия жетекшілері, ағарту, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, білім беру, өнер, бұқаралық ақпарат құралдары, спорт істерінің қайраткерлері, Кеңес Одағының Батырлары, Даңқ ордендерінің кавалерлері, интернационалист жауынгерлер жатады.
Жеке текті құжаттар мемлекеттік мұрағатқа
-қор құраушылардан, өз мұрағаттарын тікелей өзі немесе өсиет етіп қалдырған;
-мұрагерлік құқығы бойынша мұрағатына иеленуші тұлғалардан;
-жинаушылардан және топтамалық жиналымдардан келіп түседі;
Мемлекеттік мұрағаттарды жеке текті құжаттармен толымдау кезең
бойынша сипат алады және мыналарды қарастырады:
-құжаттарды өзіндік бастамамен іздеу, мемлекеттік мұрағаттарды жеке текті құжаттармен толымдайтын дереккөздерді айқындау;
-жеке мұрағат иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
-мемлекеттік сақтауға құжаттарды іріктеу; құжаттарды қабылдауда қолхат рәсімдеу;
- жеке мұрағат құжаттарын алдын-ала есепке алу, олардың құндылығына алғашқы сараптама жүргізу мақсатында.
Келіссөз жүргізу барысында мұрағат қызметкері бақылайтын іс жүргізеді, онда қор құраушымен жұмыс барысындағы барлық құжаттама жинақталады.
Мемлекеттік мұрағатқа келіп түскен құжаттар толымдау бөлімінде есепке алынады және есеп кітабына енгізіледі, содан кейін сұрыпталады, құжаттың құндылығына алғашқы сараптама жүргізіледі, өткізілетін тізімдеме құрастыру жүргізіледі.
Содан соң құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіледі, оның қорытындысында мұрағаттық тізімдеме жасалады, ол да есеп құжаты болып табылады. Тізімдемеге титул парағы құрастырылады, мазмұны және алғы сөз жазылады.
Өңдеуден өткен мұрағат қоры анықтамалық аппаратпен қор сақтаушыға келіп түседі.
ШҚО АОМА-да жеке тектің құжаттардың 58 қоры сақталған, соның ішінде 5 топтамалық жиналымдар, олар мұрағат қорының баға жетпес қазынасы болып табылады. Қазіргі таңда мемлекеттік сақтауда 30-шы Қызыл Тулы Гвардиялық Рига атқыштар және 8-ші Қызыл Тулы Ямпольск атқыштар дивизияларының топтамалары бар, олар 14 ардагердің құжаттарынан тұрады, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің топтамасында 18 ардагердің, жеке қорларда 5 Кеңес Одағы Батырларының: Николай Николаевич Силиннің, Жаңғазы Молдағалиевтің, Григорий Афанасьевич Баздыревтің, Михаил Михайлович Медведевтің, Әйткеш Абайұлы Ибраевтың құжаттары бар. Сондай-ақ, интернационалист-жауынгерлердің, №6 орта білім беретін мектеп-гимназиясы мұғалімдерінің, Семей облыстық және қалалық аппаратының, Қазақстан Коммунистік партиясы аудандық комитеттері қызметкерлерінің топтамалық құжаттары жинақталған.
     Ертіс өңірі Семейге еңбегі сіңген көптеген адамдарының жеке қорлары мемлекеттік ұлттық мұрағат қорын толықтыратын және байытатын құнды тарихи деректер болып табылады. Олар Социалистік Еңбек Ерлері – М.Бейсембаевтың, Р.Нұржанованың, ҚР еңбегі сіңген дәрігері – А.А.Қозбағаровтың, жазушылар – М.Сәрсекеевтің, Д.Черапановтың, ғалым-абайтанушы Қ.Мұхамедхановтың, Қазақстанның еңбегі сіңген суретшісі М.М.Беляевтың, Қазақ КСР халық әртістері К.Сәкиеваның, Т.Исованың және басқа көптеген адамдардың түпнұсқа құжаттары.
     ШҚО Семей қаласы АОМА қызметкерлерімен мемлекеттік ұлттық мұрағат қорын толықтыратын және байытатын құнды тарихи деректер болып табылатын жеке текті құжаттарды толымдау, пайдалану, сақталуын қамтамасыз ету және есепке алу бойынша үлкен жұмыстар атқарылып жатыр.
Жыл сайын құжаттама орталығы Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесулер өткізіп тұрады.
Қорларды жеке текті құжаттармен толықтыру үшін ШҚО АОМА мұрағатшылары теледидар, радио арқылы, облыстық және қалалық газет және журнал беттерінен Азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы, 1941-1945жж. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, еңбек ардагерлеріне, олардың жанұя мүшелеріне үндеу жолдайды, олармен айтулы даталарға байланысты (Жеңіс Күні, қарттар күніне) кездесулер ұйымдастырады, жауынгерлердің отбасымен, бірге қатысқандармен хат алмасады, Семей педагогикалық институтының тарих-педагогикалық факультеті студенттерімен, мектеп және қалалық мұражайлармен, Семей қаласының және оның аймақтарының өлкетанушыларымен тығыз байланыста қызмет атқарады.
Жеке текті құжаттар көрмелер ұйымдастыруда, бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдар дайындау барысында (телебағдарламаларға қатысуда, веб-парақтарына ақпарат беруде), тақырыптық сипаттағы сұраныстарды орындауда, экскурсиялар, дәрістер, мақалалар дайындауда, басуда, оқу залындағы зерттеушілердің жұмыстарын ұйымдастыруда кең ауқымда қолданылады.
     Сөйтіп, ШҚО АОМА қорларында сақталған жеке текті құжаттар өсіп келе жатқан ұрпақ тәрбиелеу ісінде, сондай-ақ мұрағат құжаттарын насихаттауда маңызы зор, себебі мұрағат құжаттарынсыз мемлекет пен халықтың тарихы жоқ.
    Бушин Михаил Никитович
    Башилов Константин Николаевич
    Молчанов Алексей Прокопьевич
    Султанбеков Мурат Рахимжанович
    Титаев Евгений Алексеевич
    Бакин Абжан Кенесаринович
    Светашев Борис Петрович
    Кравченко Любовь Борисовна
    Шестов Николай Митрофанович
    Чебардакова Анна Андреевна
    Масалиманов Гизат
    Пашенцев Александр Иванович
    Таштыков Кабдель
    Шерин Иван Афанасьевич
    Князев Семен Гаврилович
    Кравченко Борис Петрович
    Жаксылыков Ескали
    Гущин В.И.
    Калиакпаров Ш.А.
    Кожамкулов Кайпбек Кожамкулович
    Исова Туратай
    Сакиева Куляш Сырымбетовна
    Козбагаров Алаш Ахметжанович
    Кузнецов Александр
    Мухамедханов Каюм (Габдулкаюм)
    Абильпанов Кабдулла Умирханович
    Карандашова Светлана Савельевна
    Хасенов Рафик Хасенович
    Касиманов Садык Касиманович
    Берестов Михаил Иванович
    Ахметбеков Шернияз
    Ибраев Айткеш Абаевич
    Матаев Тлеубек Бейсенгазинович
    Султанбеков Мурат Рахимжанович
    Квочкин Григорий Федорович
    Сырников Николай Иванович
    Мухамадиев Кайрат Хабдулжаппарович
    Кашляк Виктор Николаевич
    Кравченко Любовь Борисовна
    Самаев Кабдырахман Акатаевич
    Юрченко Михаил Александрович
    Рыковы Наталья Владимировна и Александр Николаевич
    Ускембаев Жемитуллы Басарович
    Слямов Аскар Слямович
    Исова Туратай
    Кожамкулов Кайпбек Кожамкулович
    Коллекция документов учителей школы-гимназии №6 Л.Б.Кравченко и Р.К.Курмангалиевой
    Бедарева Любовь Александровна
    Мусин Толеужан Мусинович
    Курмангалиев Касым Курмангалиевич
    Мельников Диодор Николаевич
    Соколов Иван Евдокимович
    Воложанинов Юрий Степанович
    Воложанинов Степан Павлович
    Илиуф Хаджи-Мурат Шаяхмет-улы
    Мусин Роллан Мусинович
    Алтынбаев Калихан Аскарулы
    Савельев Павел Васильевич
    Силин Николай Николаевич
    Абдулкаримов Махмут Хамитович
    Султанбеков Мурат Рахимжанович
    Тортаев Кабдислям Тортаевич
    Аюченко Олег Петрович
    Ахметжанов Аргынбек Ахметбекович
    Шерин Иван Афанасьевич
    Серикпаев Файзрахман
    Табариков Сейтмухамет Табарикович
    Вахнина Константин Павлович
    Жуков Николай Дмитриевич
    Жунусов Толеу Жунусович
    Овчинников Георгий Михайлович
    Хайдарова-Кружалина Никар Темиргалиевна
    Трусов Павел Терентьевич
    Шестов Николай Митрофанович
    Халитова Фарида Габсадыковна
    Голиков Владислав Николаевич
    Кашляк Виктор Николаевич
    Сасанов Марат Еркимбекович
    Бейсембаев Муздыбай Бейсембаевич
    Аймаков Мутан Шамшинович
    Тухтабаев Галиаскар Амирович
    Бекбаев Асылхан Табылдинович
    Будник Гавриил Дмитриевич
    Башилов Константин Николаевич
    Назарова Тамара Александровна
    Рахвалов Виктор Константинович
    Пермитин Александр Федорович
    Ахунжанов Габдулхак Габдуллович
    Сарсекеев Медеу
    Бейсенбаев Муратхан Бейсенбаевич
    Кашляк Виктор Николаевич
    Дюсембаев Аскат Ануарбекович
    Алейкин Иван Степанович
    Нуржановa Раиса Нургалиевна
    Поуголков Николай Иванович
    Хорошавин Иван Григорьевич
    Ларкин Владимир Алексеевич
    Золотухин Анатолий Петрович
    Едильбаев Оспан
    Байгужинов Кенжебек Аканович
    Фоминых Василий Николаевич
    Силина Эльвира Николаевна
    Токаев Зейнолла Калымбекович
    Касымова Гульнар Толеуовна
    Кенбаев Насыр Ахметвалиевич
    Матаев Хафиз Матаевич
    Тюменов Серик Оралтаевич
    Тюменова Кулмария Оркашпаевна
    Орумбаев Магжан Кажгельдинович
    Беляев Михаил Михайлович
    Кукубаев Тохтар
    Буренков Анатолий
    Косанов Гусман Ситтыкович
    Касиманов Садык Касиманович
    Шмидт Виктор Федорович
    Сакиева Куляш Срымбетовна
    Панин Михаил Семенович
    Калиакпаров Шаймардан Ахмарович
    Сагимбаева Толеу Шагировна
    Ускембаев Жемитулла Басарович
    Кравченко Любовь Борисовна
    Рыкова Наталья Владимировна
    Мамедбаков Исхатбек Кадырович
    Тюлегенева Юлия Павловна
    Бутлер Вильгельм Федорович
    Ибраев Айткеш Абаевич
    Небучин Григорий Иванович
    Митрофанов Николай Иванович
    Исаев Сапан Жусупович
    Бельский Василий Захарович
    Аркабаев Кадырма Имангалиевич
    Ибраев Айткеш, Герой Советского Союза
    Шмидт Виктор Федорович
    Черепанов Дмитрий Феофанович
    Матяш Анатолий Федорович
    Борисов Дорофей Еремеевич
    Сайдашев Нажат Валиевич
    Сагалиева Наслизат Халеловна
    Вернигоров Василий Сергеевич, Герасимов Павел Кириллович, Дорохов Максим Андреевич
    Киселев Олег Александрович
    Амержанов Иван Федорович, Жуков Николай Дмитриевич, Жунусов Толеу Жунусович, Подлипский Игорь Игнатьевич, Тусупбаев Таттибек, Карякин Борис Сергеевич




   Семей қаласының өрт-техникалық орталығының (музейінің) меңгерушісі, өртке қарсы қызмет ардагері Наталья Владимировна Рыковаға 65 жыл. 20 жылдық жұмыс кезеңінде Наталья Владимировна музейді көптеген экспонаттармен толықтырды, музейлер мен архивтердегі құжаттарды анықтау арқылы біздің өңірде өрт сөндіру ісінің қалыптасу тарихын қайта жандандырды. Н.В. Рыкова «ШҚО орман аймағында өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі» бағдарламасын әзірледі, ол оқушыларға қосымша білім беруге арналған (1-11 сыныптар) және «ШҚО орман аймағында өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі» бағдарламасы аясында орындалды. Оның өңіріміздің тарихы мен өрт күзетін қалыптастыру жөніндегі мақалалары «Охрана труда» республикалық журналында, Семей қалалық «Спектр», «Голос народа», «Наше дело», «Контакт»  газеттерінде үнемі жарияланып тұрады.


   Лебаев Марат Төлеуғазыұлы
(1964-1983), интернационалист жауынгер, Семей қаласында дүниеге келген. №5 орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін М.И.Калинин атындағы Ет консерві комбинатында жұмысшы болып жұмысқа тұрды. Осы арадан 1982 жылдың қараша айында Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. Алдымен қызметін Литва КСР-дағы 74995 әскери бөлімінің оқу ротасында өткізді. Оқуы аяқталғаннан кейін Маратқа сержант атағы берілді. Кейін ол Ауғанстан Демократиялық Республикасындағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында десанттық-шабуыл ротасына жіберілді.

Мараттың ата-анасы, мектебі, оқу ротасы оны адалдыққа, батылдыққа, тамаша адами қасиеттерге тәрбиеледі. Ауғанстанда Лебаев өз қызметтестерімен бірге бейбіт халықты басмашылардан қорғады. 1983 жылдың 17 мамырында бүлікшілердің ірі бандаларын жою бойынша жауынгерлік операцияны өткізу кезінде, ол өз жолдастарының тобымен бүлікшілермен айналысатын кишлақты бұғаттады, сонда Марат қаза болды. Міне, ата-анасына офицерлер, сержанттар мен сарбаздардың жазғаны: «...Біз бейбіт халықты тонап, өлтіріп, кеңес автокөліктеріне шабуыл жасаған банданы қудаладық. 17 мамыр күні таңертең, Логар өзенінің жанында Булусвали кишлагы үшін басмаштармен шайқаста сіздің ұлыңыз ержүректілігімен қайтыс болды». Марат ұрыста төрт дұшпанның көзін жойды. Бұл оның соңғы шайқасы болатын. Интернационалдық борышын орындауда көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Марат Лебаев қайтыс болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз орденімен және «Интернационалист-жауынгерге ауған халқы атынан алғыс» медалімен марапатталды.







      Авдеёнок Зоя Николаевна, Еңбек Даңқы орденінің толық кавалері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Семей былғары-мех бірлестігінің тігінші-мотористі, 1937 жылы 12 ақпанда Семей қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1953 жылы Семей аяқ киім фабрикасында бастаған. 1968 жылдан бастап Семей былғары – аң терісі бірлестігінің №1 филиалының жабын цехында тігінші-моторист болып еңбек етті. Ол балалар пальтосының жүнін кесу және жинау бойынша жұмыс істеді, уақыт өте келе осы ағымда барлық байланысты мамандықтарды игерді. Өз шеберлігін үнемі жетілдіре отырып, ол көмекші әдістерді орындау уақытын минимумға дейін қысқартты, ал өзінің негізгі операциясын салалық нормативтерде қарастырылғаннан екі есе жылдам орындады.

       КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1976 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен тоғызыншы бесжылдықтың (1971-1975 жж.) және социалистік міндеттемелердің тапсырмаларын орындаудағы жетістіктері, өндіріс тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыру үшін Зоя Николаевна 3 дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен (№309475) марапатталды. 1981 жылғы 17 наурыздағы жарлықпен 10-бесжылдықтың (1976-1980 жж.) және социалистік міндеттемелердің тапсырмаларын орындаудағы жетістіктері үшін 2-дәрежелі Даңқ орденімен (№13814) марапатталды.

    1985 жылдың қараша айына дейін 11-ші бесжылдықта (1981-1985) Зоя Николаевна екі бес жылдық жоспарды орындады. Ол жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізді, 95,7% жоспарында 96,2% бірінші сортты өнім шығаруды қамтамасыз етті. З.Н.Авдеенок жұмыс істеген бригада жыл сайын 103-105% жоспарды орындап, тек алғашқы ұсыныстан бастап өнім тапсырды.

      Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1986 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен 11-ші бесжылдықтың тапсырмаларын орындаудағы жетістіктері үшін Зоя Николаевна 1-дәрежелі Еңбек Даңқы орденімен (№280) марапатталды және Еңбек Даңқы орденінің толық кавалері болды.


 

Қазақстан коммунистік партиясының Семей қалалық комитетінің 2-ші хатшысы Шестов Николай Митрофановичтің құжаттары қабылданды.
Шестов Николай Митрофанович Тула губерниясының Шестовка ауылында 1902 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1916 жылы Сызран-Вяземдік темір жолында жөндеу жұмысшысы болып бастаған. 1924 жылы Николай Митрофанович Семейге келіп Түрксіб темір жолында қызметін жалғастырып, темір жол вокзалының басшысына дейін көтеріледі.
1965 жылы Николай Митрофанович Түрксіб темір жолының партиялық активінің саясат бөлімінде курсын аяқтағаннан соң 1-ші Семей станциясының темір жол торабы бойынша саясат бөліміне насихаттаушы болып қызмет етеді. Ал 1937 жылы партиялық комитетінің хатшысы қызметіне ауысады, 1938 жылы Қазақстан коммунистік партиясының Семей қалалық комитетінің 2-ші хатшысы болып сайланады. 1942-1949 жылдары Шестов Н.М. Қазақстан коммунистік партиясының Семей қалалық комитетінің хатшысы болып қызмет етті. 1949 жылы Николай Митрофанович Верхне-Иртышск өзен пароход шаруашылығында жүзу құрамы бойынша Партиялық комитетіне хатшы болып қызмет атқарды.





№6 мектеп-гимназиясының құжаттары мемлекеттік сақтауға ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына сол мектептегі өлкетану мұражайының жетекшісі Кравченко Любовь Борисовнамен тапсырылды.
Аталмыш мектеп-гимназиясы қаламыздағы ең ескі мектептердің бірі болып табылады, ол 1922 жылы құрылған. 1926 жылы мектепте педагогикалық класс құрылды. Ол жоба бойынша бітіруші түлектер бастауыш сыныптарда сабақ бере алатын болған. 30-шы жылдары қала мектептерінің бастауыш сыныптарының көпшілігінде №6 мектеп-гимназиясының түлектері жұмыс жасаған.
50 жылдардан бастап мектеп туризм және өлкетану салаларына көңіл бөле бастады. Яғни бұл дегеніміз оқушылар отрядтары ел бойынша экскурсияларға шығып, өлкеміз бойынша табиғатты зерттеп, мәдениет және тарих ескерткіштерімен танысу мақсатында жүргізілген арнайы шаралар тізбегі.
1975 жылы мектепте Кеңес Одағының Батыры Николай Николаевич Силиннің ұйымдастыруымен 8-ші Ямполь атқыштар дивизиясының жауынгерлік ерлігін дәріптейтін мұражайы құрылды. «Поиск» отрядының мүшелері мен оқушылар өте бай құнды жәдігерлер мен деректер тапты. 1995 жылы аталмыш мұражайдың құжаттары Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына мемлекеттік сақтауға берілді.
1998 жылы мектеп-гимназияда өлкетану мұражайы ашылып, осы күндері жемісті еңбек атқарып келеді. Мұражай жетекшісі болып құрылғаннан бері Кравченко Любовь Борисовна қызмет етуде. Жалпы мұражай 3 бөлімнен тұрады, олар: «Археология және этнография», «Біздің қаламыздың тарихы», «Мектеп тарихы».
Сондай-ақ мұражайға Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған үш естелік кітабы сақтаулы. Бірінші кітапта Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тылда еңбек еткен азаматтардың, оқушылардың туыстарының 312 портреттері жарық көрсе, екінші кітап Семей қаласында орналасқан эвакогоспитальдардың тарихын ашады. Үшінші кітап 2010 жылы жарық көрген, бұл кітап қаламыздағы соғыс жылдарында қызмет еткен өндірістік кәсіпорындары тарихынан, тылдағы еңбек етуші азаматтар, оқушылардың қиын балалық шағы, госпитальдарда емделуші жауынгерлерге көмек, майданға жіберілетін сәлемдемелер жайында деректерді тілге тиек етеді
Бұл мектеп білім жағынан да алдағы саптағы мектептердің бірі болып табылады. 2001 жылы «2001 жылдың Үздік мектебі» Республикалық конкурсында 3 жүлделі орынды иеленсе, 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2 орынды иеленді, ал 2009 жылы қалалық рейтингтік бағалау бойынша 1 орынды бекіткен еді.
1939-2009 жылдары аталмыш меткеп-гимназиясын алтын және күміс медальдарымен, ерекше үлгідегі аттесттармен, «Алтын белгімен» 240 түлек тәмамдады. Мектеп ұстаздарының еңбектерінің арқасында, әсіресе оқытудың классикалық және инновациялық әдістерін үйлестіре отырып оқытуының нәтижесінде оқушылар өз білімдерін қалалық, облыстық, Республикалық дәрежедегі олимпиадалар мен конкурстарына қатысып көрсетуде. Жыл сайын мектеп түлектерінің 80 пайызы еліміздің жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ алыс және жақын шет елдерінде гранттарға ие болады. 2002-2009 жылдарда мектеп-гимназияның 25 түлегі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Президенттік сый ақыны иеленді.
№ 6 мектеп-гимназиясының құжаттары 1919-2010 жылдарды қамтиды. Өз құрамы жағынан бай болып табылатын қор көптеген марапаттау құжаттарымен, мектепішілік шаралардың жоспарларымен, семинарлармен, фотоқұжаттармен, мектеп мұражайының құжаттарымен толықты.





2012 жылдың наурыз айында Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына мемлекеттік сақтауға дәрігер, ұстаз, Семей қаласының өлкетанушысы Светашев Борис Петровичтің құжаттары алынды.

Борис Петрович «Күн әлемі» Республикалық ұйымының волонтері, БҰҰ-ның Қазақстандағы бағдарламасының сертификатымен марапатталды.

Борис Петровичтің ең үлкен қызығушылығы қаламыздың тарихын зерттеу болып табылады. Светашев Б.П. – Семей өлкесінде өмір сүрген, қызмет еткен, ұмытылған азаматтарды, сондай-ақ өлкеміздің тарихын зерттеумен, археологиялық іздеулермен айналысатын «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшесі.
Қордың құрамындағы бірегей құжаттар қатарында 1907 жылы 10 қыркүйегінде Дмитрий Антонович Варламовқа берілген көші-қон құжаттарының түпнұсқалары және тағы басқа құжаттар сақталуда.

Б.П.Светашевтің құжаттары №1603 жеке қорды құрай отырып, 1867-2012 жылдарды қамтиды.  





Абжан Кенесаринович Бакин 1922 жылы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Кесек ауылында дүниеге келген.

Абжан 1942 жылдан бастап 149-шы атқыштар Новоград-Волынск Қызыл Ту дивизия 568 атқыштар полкі  2-ші атқыштар батальонының танкіге қарсы есептоптың взвод командирі болып майданға қатысты. Ол үш рет жарақат алды, бірақ емделіп жазылғасын қайтадан майданға оралды. Төртінші рет өте ауыр жараланды. Абжан Кенесаринович 1944 жылғы 23 шілдеде алған жарақатынан медсанбатта қайтыс болды. А.К.Бакин Волынск облысы Парицкий ауданы Литовищи селосының жанында жерленді.


 

Василий Михайлович Иконников1912 жылғы 20 желтоқсанда Удмуртия АКСР Воткинск қ. дүниеге келді. 1920 жылы ата-аналары Семей қ. қоныс аударды. Ол майданға 1944 жылы шақырылды. В.М.Иконников 37-ші Гвардиялық Варненск танк полкі 15-ші механикаландырылған Новобуги бригадасының құрамына Т-34 танк командирі болып тағайындалды. 1944 жылғы 24 тамызда Молдавия КСР Минжир с. жанында болған ұрыс кезінде Василий Михайлович 60 неміс автомашинасын, бір өздігінен жүретін зеңбіректі, 75 неміс солдатын жойғаны үшін 1 дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылды.
Югославия жеріндегі ұрыстарға қатысқаны үшін В.М.Иконников 2 дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылды. 1944 жылдың қараша айында ұрыста жараланып, Украина КСР Донецк облысы Макеевка қ. № 3484 эвакогоспиталінде емделді. В.М.Иконников госпитальден жазылып шыққасын 1946 жылдың наурыз айына дейін 25-ші танк полк құрамында қызметін жалғастырды.




 
Николай Сергеевич Кашляк 1920 жылғы 9 мамырда Қостанай облысы Урицкий ауданының Житык с. дүниеге келген. 1938 жылы Боголюбовский орта мектебін тәмәмдап, 1940 жылы Қызыл Әскер қатарына шақырылды. 1941 жылғы шілдеден бастап Солтүстік-Батыс майданы 464-ші атқыштар батальонының құрамында кеңсе хатшысы қызметін атқарды. Николай Сергеевич 1943 жылдың сәуір айында Мәскеу әскери-инженерлік училищеге жолдама алды, оны аяқтағасын кіші лейтенант шенінде қайтадан майданға жіберілді. 1945 жылғы 6 наурызда Германияның Пирида қаласы үшін шабуылдау ұрыста снарядтың жарқыншағымен ауыр жараланды. 1945 жылғы желтоқсан айына дейін № 3857 госпиталінде емделді, кейін запасқа шығарылып Петропавловск қ. тұратын жеріне оралды. Н.С.Кашляк 1946 жылы Қазақстанның ЛКДО Петропавловск қалалық комитетіне хатшы болып тағайындалды, 1957 жылы Семей облыстық № 16 баспахана директоры лауазымына ауыстырылды.



 


Петр Андреевич Копан1922 жылы Семей облысы Новошульба ауданының Новошульба с. дүниеге келген. Майданға 1942 жылдан бастап қатысты. 76 мм зеңбірек батареясының қару оқтаушысы болып соғысты. Петр Андреевич 1943 жылы Великие Луки бағытында ұрыс кезінде өз зеңбірегінен 50  жуық фашисттерді, жаудың дзоты мен 4 автомашинасын жойды, ол «Ерлігі үшін»   медалімен марапатталды.




Касым Курмангалиев 1907 жылы Семей облысы Шар ауданы Муртас ауылында дүниеге келді. 1941 жылы өз еркімен майданға шақырылды. Ол 36-шы гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында қарсы-барлау бөлімінің шұғыл уәкілі болып істеді. 1943 жылғы 29 қыркүйекте Днепр өзенінен өту кезінде Сошиновка деревнясы аумағында өзеннің оң жағалауына артиллериялық зеңбіректерді тиеу мен жіберуді  жеке өзі басқарды, осы ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды.








Семей қаласы №6 мектеп-гимназиясының Жауынгерлік даңқ мұражайының қоры толықты

Семей қаласының №6 гимназия-мектебінің Жауынгерлік Даңқ мұражайының қоры оқушылардың ізденіс жұмыстары, мұражайдың жұмысы, өткен соғыс жылдарының оқиғаларына әсерлі және ықыласты көзқарас туралы мәлімдейтін құжаттарымен толықты. Оқушылар және зерттеушілер кеңес солдаттары мен офицерлерінің орасан ерлігінің көптеген жаңа айғақтарын тауып алуда. Қорда Ұлы Отан соғысының ардагерлері Б.Тыштыковтың, А.Дусухамбетовтың, П.К.Баюк, Г.Д.Будник, П.М. Гудзь, И.И.Кухаревтың, Е.К.Коржевтың, Н.С.Лилык, В.П.Сур, Н.М.Григорьевтың, В.Л.Курбатованың құжаттары, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысқанын баяндайтын «Подвигу жить в веках» фотобуклеті, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке және топпен түскен фотосуреттері, 1941 жылдың күзінде қиян-кескі ұрыстар өткен Тула облысы Алексин ауданындағы жауынгерлік бейіттердің фотосуреттері,  30-шы Гвардияшыл Қызыл Ту Ригалық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы туралы жазылған «Под гвардейским знаменем» кітабы, Алексин қаласын азат ету сызбасы, Сумск облысының партизандар жасақтары бірлестігінің сызбалары, және басқа да көптеген 1941-1945 жж. қаһарлы және сұрапыл Ұлы Отан соғысының  құжаттары ұсынылды.







Табариков Сейтмухамет Табариковичтыңжеке қоры жаңа құжаттармен толықты

Ново-Шульба аудандық атқару комитетінің төрағасы Сейтмухамет Табарикович Табариковтың  жеке қоры толықтырылды. Өмірбаянына қатысты құжаттар, фотосуреттер, марапаттау құжаттары оның қоғамдық-саяси қызметінің көрінісі. «Мәннан Тұрганбаев», «Қайран Мәннан», «Тауқымет», «Алаштың алтын көпірлері», «Судьба» атты кітаптары, Семей қалалық және Бородулиха аудандық газеттерінде жарияланған мақалалары оның үлкен шығармашылық еңбегі. С.Т.Табариковтың шығармалары тарихи және өмірбаяндық деректерге арналған, олар үлкен зерттеу жұмыстың нәтижесі.
Жаңадан қабылданған құжаттар 1955 және 2012 жылдар аралығын қамтиды.







Қазақстан КП Киров аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Валентина Михайловна Мамедбакованың туғанына 85 жыл толды.

Ол 1931 жылы 28 желтоқсанда Грузия КСР Қызыл құдық селосында дүниеге келді. Мектеп бітіргеннен кейін, 1949 жылы Одесса қаласындағы ұн-жарма және құрама жем өнеркәсібінің инженерлері институтына оқуға түсті. Институтты аяқтағаннан кейін, 1954 жылы ол, жас маман ретінде Семей қаласының № 1 диірмен комбинатына ауысым шебері лауазымына жұмысқа жіберіледі.
1958 жылы  Валентина Михайловна Семей облыстық өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамының төрайымы лауазымына тағайындалса, ал 1963 жылы Семей облыстық халық бақылау комитетінің инспекторы болып ауыстырылды. Валентина Михайловна партия жұмысына ауысқаннан бастап үш жыл бойы Қазақстан КП Семей облыстық комитетінде ұйымдық-партиялық жұмыс нұсқаушысы қызметін атқарса, ал 1979 жылы Киров аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы лауазымына бекітілді, онда зейнеткерлікке шыққанға дейін қызет етті.
В.М. Мамедбакова Қазақстан КП 11, 16-шы съездерінің, Қазақстан әйелдерінің 2-съезінің делегаты болды, Бүкілодақтық өнертапқыштар мен рационализаторлар қоғамының съезі жұмысына қатысты, зейнеткерлікке шыққаннан кейін Семей қалалық Жауынгер Даңқы мұражайында жұмыс істеді.







Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Екатерина Петровна Хлыновскаяның туғанына 110 жыл толды.

Ол 1906 жылы Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласының педагогикалық техникумын бітіріп, 1926 жылы еңбек жолын Татар АКСР Теньковка ауданы Шеланга ауылындағы мектепте бастады. 1931 жылы Екатерина Петровна іріктеу комиссиясының ұйғарымымен Қазан қаласының педагогикалық институтының биология бөліміне оқуға жіберіледі. 
1935 жылы институтты бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысына қоныс аударып, Ауыл станциясының № 113 орта мектебінде, кейін Семей қаласының № 21, № 6 мектептерінде биология пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады. Екатерина Петровна № 6 орта мектепте 20 жылдан астам еңбек етті. Оның бастамасымен мектеп жанындағы учаскесі, тірі табиғат бұрышы ұйымдастырылып, биология кабинеті жабдықталды. Ұстаз шәкірттері бірнеше рет облыстық ауыл шаруашылық көрмелерінде жүлделі орындарға ие болды. 1958 жылы Екатерина Петровна өзінің шәкірті Римма Байзуровамен Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесінің қатысушылары болды.
Мінсіз, жемісті еңбегі үшін Е.П. Хлыновскаяға Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі құрметті атағы берілді. Ол Құрмет Белгісі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.

«Қазақ темір жолындағы үздігі»

 

 

 

Жарма-ақындардың, дала мен тауларәншілерінің өлкесі. Еуразияның қақ ортасындағы бұл кішкентай, шын мәнінде жер аралы әлемге әйгілі жазушы және қоғам қайраткері Ади Шәріпов, Қазақстанның Халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Тұрсынхан Әбдірахманова, республикалық хор капелласының алғашқы әйел дирижері Гүлжазира Ахметова,тұңғыш қазақстандық әйел биология ғылымының докторы академик Найля Базанова, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Рымбаева сияқты көптеген талантты адамдарды сыйға тартты.

 

Бүгінгі таңда Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ Жарма филиалында архив қорында 826 сақтау бірлігіжеке тектікқұжаттары сақталуда. Солардың бірі – Азамат Рахымбеков Қалелдіңжеке тектік құжаттары - "Ғасырдың үздік адамы", Қазақ темір жолындағы мамандығы бойынша үздік, тыл, еңбек ветераны, ақын.

 

Рахымбеков Калел 1926 жылы Семей губерниясы Өскемен уезінің Чарский болысының Құлмағамбет ауылында, кедей шаруа отбасында дүниеге келген.

 

1930-1932 жылдардағы аштық кезінде ол ата-анасынан айырылды. Кішкентай жетімді әкесінің әпкесі Рахима өз тәрбиесіне алды. Рахима мен оның күйеуі Хасен Калелді туған ұлы ретінде тәрбиеледі. Қалел Рахымбеков өзінің балалық шағы, асырап алған ата-аналары туралы өзінің "Өмірімнің айнасы"кітабында еске алады.

 

1941 жылы оның ағасы Хасан майданға кетті. Соғыстың қиын жылдары келді. Батылдық пенбатырлықмайдандағы кеңес жауынгерлерінің мінез - құлқының нормасы, ал тыл еңбеккерлері батылдықпентөзімділік көрсете білді.Ұлы Отан соғысының қатал жылдарында Рахымбеков Калел Боко кенішінің "Колорадо" артелінде кеншіболған.

 

1947 жылы үйленіп,теміржолға жұмысқа орналасу үшін Чарск қаласынакөшіп келді. Басында ол от жағушы, содан кейін машинистің көмекшісі болып жұмыс істеді. Уақыт өте келе ол біліктілікті арттыру курстарын бітіріп, локомотивті басқару құқығын алды. Жүк қозғалысының тепловозының машинисі болды.

 

Ол көптеген құрамдарды және әр уақытта жоғары көрсеткіштермен өткізді. 1970 жылы үздік жұмысы үшін біліктілік комиссиясы Рахимбеков Калелге "Бірінші класты тепловоз қозғалысының машинисі"атағын берді.

 

Бұл табысқа жетудің жолы. Рахымбеков Қалел-Қазақ темір жолындағы үздік машинист, оның портреті бірнеше рет облыстық Құрмет тақтасына қойылған. Ол Коммунистік еңбектің Үздігі, оның жеке ісінде тек алғыстар көрсетілген.

 

Рахымбеков Қалел үш мәртеСемей облыстық еңбек депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

 

1986 жылы Рахымбеков Қалел зейнеткер ретінде өзінің туған ұжымында еңбек етуді жалғастыра отырып, құрметтідемалысқа шықты. Рахимбеков Калелдіңжалпы еңбек өтілі 50 жылды құрады, оның ішінде Шар депосында 43 жыл.

 

Үлкен жетістіктері үшін, өндірістік тапсырмаларды ойдағыдай орындағаны үшін Рахымбеков Қалелге "Қазақ темір жолындағы үздігі" атағы берілді, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Астана" медалімен, мерейтойлық медальдармен, сондай-ақ кәсіподақ және қоғамдық ұйымдардың көптеген грамоталарымен марапатталды. Оның есімі Ә. Сәдуақасовтың "Семей өңірінің құрметті азаматы" кітабына енгізілген.

 

2000 жылғы 22 наурызда және 2001 жылғы 12 қаңтарда Рахымбеков Қалелге "Ғасырдың үздік адамы", "Жарма ауданының Құрметті азаматы"атағы берілді.

 

Рахимбеков Калел және оның әйелі Габила Кабдоллаевна (1930 жылы туған) 6 ұл және 1 қыз тәрбиелеп өсірді. Оның 13 немересі және 5 шөбересі бар. Бос уақытында поэтикалық шығармашылықпен айналысты. "Бақыт-менің өмірімнің жинағы", "Менің өмірімнің айнасы"өлеңдер жинағын және "Сейтқазы батыр"өлеңдерін шығарды.

 

Рахымбеков Қалел жеке құжаттарын мемлекеттік сақтауға 2006 жылы облыстық мемлекеттік мұрағаттың Жарма филиалына өзі тапсырды

 

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ-нің Жарма филиалында олардың туыстары әртүрлі кезеңдерде сақтауға берген жеке тектікқұжаттары сақталады. Сондай-ақ, біздің архив ҰОС ардагерлерінің, құрметті атақиегерлерінің, Жарма ауданының еңбек сіңірген қайраткерлерінің құжаттарын жинау бойынша үнемі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлағым келеді.

 

 

 

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалының архившісі А.Уалиева

 

 

 

Жарма аудандық «Қалба тынысы» газетінің 15 қараша 2024 жылғы №46 жарияланды









background_img.png?_=1716539130