Басшы туралы
АОМА-ның Аягөз филиалы
Куренкеев Қанағат Селеубайұлы -27 қыркүйек 1973 жылы Семей облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.
1980-1990 жылдары Мұңбұлақ орта мектебін бітірген.
1990-1995 жылдары Қазақ Ұлттық Әл-Фараби атындағы университет архивтану мамандығын бітірген.
1996-1998 жылдары «Бірлік Д» шаруашылығында қызмет еткен.
1999-2000 жылдары 41444 әскери бөлімінде қызмет еткен.
2003-2010 жылдары №6 орта мектебінде тәлімгер, интернат меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2013 жылдың 17 сәуірден бастап ШҚО архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің Аягөз филиалының директоры болып тағайындалды.
Жанұялы, 2 баласы бар.
Қабылдау күні:
Сейсенбі, сәрсенбі – сағ. 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Тел.: 8 (72-237)380-96
Лауазымдық міндеттері:
- Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және де құжаттардың сақталуына оңтайлы шаралар табу;
- Құжаттарды мемлекеттік есепке алу;
- ғылыми, әлеуметтік-мәдени немесе тарихи мәні бар арнаулы құжаттарды, тұрақты ұзақ сақталымда, жүйелі түрде профильді толықтыру;
- ғылыми анықтамалық аппаратын жетілдіру мен дамыту;
- филиал құжаттарын жан-жақты пайдаланып деректер жариялауды ұйымдастыру;
- мемлекеттік есеп жүргізудің жай күйін, сақталымын бақылау, ведомствалық архивтерде құжатты сапалы өңдеуді, Аягөз филиалы қорына құжаттарды уақытында өткізуді, мемлекеттік және мемлекеттік емес басқарма құжаттарының жай-күйін бақылау;
- ведомствалық архивтерде іс-тәжірибелік, ғылыми әдістемелік көмек көрсету.
АОМА-ның Аягөз филиалы Архив тарихы
«Қалалық, аудандық мемлекеттік архивтерді таратып, аймақтық, облыстық архивтердің филиалдарды құру» жөніндегі Қазақ ССР Министрлер Советінің 21 мамыр 1963 жылғы № 409 қаулысымен, Семей облыстық атқару комитеті халық депутаттарының 4 маусым 1963 жылғы № 313-12 шешімімен 1 шілде 1963 жылы Семей облысы мемлекеттік архивінің Аягөз филиалы құрылды.
«Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік-аумақтық өзгерістері» жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 23 мамыр 1997 жылғы № 3528 жарлығымен Семей облысы Шығыс Қазақстан облысының құрамына қосылуына байланысты, Аягөз филиалы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік архивіне қарады.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 10 «Мемлекеттік мұрағаттық мекемелердің қайта аталуы туралы» қаулысы бойынша Аягөз филиалы «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» Мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
2013 жылы қаңтар айында Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2 «Шығыс Қазақстан облысының кейбір мемлекеттік мұрғат мекемелерінің қайта құрылуы туралы» қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бақармасының «Мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің Аягөз филиалы қайта құрылды.
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 188 Қаулысымен «Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылды, соның бағыныштылығына ала отырып, Аягөз филиалы Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивіне өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 4 мамырдағы №887 Жарлығымен Абай облысы құрылғандықтан, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» Коммуналдық Мемлекеттік мекемесінің Аягөз филиалы болып қайта құрылды.
Абай облысы мемлекеттік архивінің Аягөз филиалы мемлекеттік мекеме болып танылады, оның құқығына Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын пайдалану, сақтау және жинақтау кіреді.
Қорлар мінездемесі
Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалында – 360 қор, 66 199 cақтау бірлігі сақталуда. Оның ішінде: басқару құжаттары - 52 516 сақтау бірлігі, жеке текті құжаттар - 4 қор, 207 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша - 12 624 сақтау бірлігі.
«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» КММ-нің Аягөз филиалында аудандық атқарушы биліктің тұрақты сақталынатын құжаттары бар. Олар: Аягөз ауданының әкім аппараты, Аягөз аудандық маслихаты, Аягөз қаласының әкім аппараты, жиырма үш ауылдық аймақты әкімдерінің, аудандық халық бақылау комитетінің, статистика, ауыл шаруашылығы, халыққа білім беру басқармасының, денсаулық сақтау бөлімдерінің құжаттары.
Сонымен қатар, архивта сақталымға өткізілген жеке текті құжат қорлары бар: Оразбек Сабитов - Ұлы Отан соғысының ардагері, Аягөз ауданының құрметті азаматы, Уап Байшашов - ҚазССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, Жанжигитова Мария Алатаевна - ҚазССР еңбек сіңірген қайраткері.
2010 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары Бланов Чайх, Борис Бородин, Жүнісов Секен, Әбеков Сармирза, Айнаржаров Ишпекбай, Қалиев Қуатжанның жеке текті құжаттарымен толықтырылды. 2018 жылы Чуенбеков Серікхан Әбиұлы, Ахмешов Бекболат Ахмешұлы, Құсайынов Марат Жанбылұлы, Ақатаев Қайыртайдың жеке текті құжатары қосылды.
Мемлекеттік архивте ауданның мекемелері, ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің құжаттары да сақталған (әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді орындау кезінде белсенді түрде пайдаланылатын қызметкерлердің жалақысы туралы, қызметкерлердің жалақысы туралы мәліметтер, жұмыстан босату туралы бұйрықтар).
Байланыс ақпарат
Мекенжайы:
070200, Абай облысы, Аягөз қаласы
Ш. Уалиханов көшесі, 32
тел. 8 (72-237) 3-80-96
8 (72-237) 3-82-78 тел/факс
e-mail: agz_arhiv@mail.ru