«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметінің жадынамасы
Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі мұрағаттық құжаттар негізінде көрсетіледі. Көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызетті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-не электрондық үкiмет порталы арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Абай облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығына» жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Электрондық үкімет порталында қызмет алу үшін ЭЦҚ және құжаттарыңыздың сканерленген көшірмелері қажет.
ХҚКО-на:- жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін); - «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Министрдің міндетін атқарушы 2021жылғы 19 қазандағы № 312 Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы үшін растауды қажет ететін мәліметтерді, сондай-ақ ЖСН, пошталық мекен-жайын, байланыс телефонын көрсете отырып толтырылған өтініш.
Қызмет тегін
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір іс-қимылдың мазмұны:
1) ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылғанөтініш толтырудың дұрыстығы мен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді;
2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ХҚКО қызметкері мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
3) ХҚКО қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың электрондық көшірмелері мен түпнұсқалығын салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады, ХҚКО БАЖ көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпаратты және берілген құжаттардың тізімін енгізеді;
4) ХҚКО қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің көрсетілген нәтижесін береді.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының іс-қимыл тәртібі:
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда тіркелуін (авторластыруын) іске асырады;
2) көрсетілетін қызметті алушымен электронды мемлекеттік көрсетілетін қызметін таңдау, электронды сұраудың нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрауы;
3) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы электронды мемлекеттік қызметті көрсету үшін электронды сұрауы куәландыру;
4) көрсетілетін қызметті берушімен электронды сұрауы өңдеу (тексеру, тіркеу);
5) көрсетілетін қызметті алушымен электронды сұрау мәртебесі және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу тарихында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі туралы хабарландыруды алу;
6) көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ қол қойылған электронды құжаттың нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жолдау;
7) көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинеттің» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін алу тарихында көрсетілетін қызметті алушымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу.
Қызмет көрсету мерзімі: Мемлекеттік қызмет 11 (он бір) жұмыс күн ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.
Қызмет көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде, ХҚКО-да – архивтік анықтамаларды беру немесе Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 16-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
2) порталда – архивтік анықтаманың дайындығы туралы хабарлама немесе Қазақстан Республикасы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 16-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Семей қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекен-жайлары:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Абай облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қ. №1 бөлімі |
8 (7222) 33-99-55 |
Семей қаласы 408 – квартал, 21 үй |
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Абай облысы бойынша филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қ. №2 бөлімі |
8 (7222) 52-69-29 |
Семей қаласы Найманбаев көшесі, 161 үй |