Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау жөніндегі бөлімнің 2024 жылғы жұмысы туралы ақпарат
"Абай облысы мемлекеттік архиві "КММ-де "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінді көшірмелер беру" мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударылады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша «АОМА» КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы14803 сұраныстарды орындады. Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінде нормативтік құжаттарда белгіленген шеңберде қызметтің орындалу мерзімдеріне мониторинг үнемі жүзеге асырылады және тиісті іс-шаралар жоспарының іске асырылуын бақылайды. Сұраныстарды тіркеу " Электронды құжаттардың бірыңғай архиві" АЖ-де жүргізіледі. 2024 жылы Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына ай сайын мониторинг қорытындысы бойынша есептер ұсынылды.
"АОМА" КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің қызметкерлері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандарымен тұрақты байланыста болады. Архившілердің оқыту семинарларын өткізуі ынтымақтастық нысандарының бірі болып табылады.
2024 жылы Абай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы "КЕАҚ филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Семей қаласының №1,2,3 бөлімдерінің инспекторлары үшін 4 семинар ұйымдастырылды. Семинар тыңдаушылары "АОМА" КММ-де сақталатын жеке құрам бойынша құжаттардың ерекшеліктері, архивтік анықтамаларға апостиль қою, ҚР мемлекеттік архивтерден шығатын және шетелге жіберілетін архивтік құжаттардың көшірмелері, электрондық үкімет порталы арқылы келіп түсетін сұраныстардың ерекшелігі туралы білді. Семинар барысында архивтік анықтамалар алғысы келетін азаматтардан өтініштерді дұрыс толтыру үлгілері, құжаттардың көшірмелерін сұранысқа тіркеу қаралды. 2024 жылы архивке келушілер арасында осы мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алу туралы 270 жадынама таратылды. 04.04.2024 ж. № 41 "Вести Семей" газетінде «Как получить архивную справку" атты мақала жарияланды. "ТВК-6" телеарнасында "Атқан таңға ақтілек" бағдарламасында әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің басшысы М. Ж. Аубакированың " Мемлекеттік көрсетілетін қызмет архивтік анықтама беру" тақырыбында сұхбаты өтті.
Архив ғимаратында өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда архив мамандары "Электрондық үкімет" порталы арқылы осы қызметке өтініш беруде тәжрибелік көмек көрсетеді.


15.01