Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

Аягөз филиалында архивисттер күніне арналған іс-шара өтті.

     2024 жылдың 23 желтоқсанында Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалы өзінің кәсіби мерекесі - Архивистер күнін атап өтті.
      Филиал директоры Куренкеев Канагат Селеубаевич ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, жұмыстағы қажырлы еңбегі үшін алғысын білдіріп, жұмыста табыс, жаңа жетістіктер, мықты денсаулық, отбасыларында бейбітшілік пен бақ-береке тіледі! Қажырлы еңбегі, ынтасы мен бастамашылығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
      Сонымен қатар, филиал директоры Куренкеев К.С. Аягөз филиалының архивисті Бостанова Балжан Октябрисовнаға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Архив саласының үздігі» төсбелгісін табыстады, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» төрайымының құрмет грамотасымен архивист Чуенбекова Карлыгаш Кадиргажиновнаны марапаттады.
      Аягөз филиалының ұжымы еліміздің барлық архивистерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Архив саласындағы жұмыс қуаныш пен қанағаттылық әкеліп, біліммен және өмірлік даналықпен байытсын деп тілейді.

   

23.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь