Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

Архившілер күні аталып өтті.

      22 желтоқсан - Архившілер күні мерекесіне орай Жарма филиалында салтанатты жиын өтті. Филиал директоры Б.Рахимов архившілерді кәсіби мерекемен құттықтады. Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының атынан филиал архившілері Сахарина Жамал Нуртугановна, Абылканова Ардак Мусагазиновна алғыс хатпен, аудан әкімінің қабылдауында болып, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет Грамотасымен Калиаскарова Динара Советхановна, аудан әкімінің алғыс хатымен Садуева Алмагуль Советхановна марапатталды.
       Сонымен қатар, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрайымының алғыс хатымен Абылканова Ардак Мусагазиновна және Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Мемлекеттік архив» КММ-нің директорының алғыс хатымен Жумаканов Мурат Оразаевич марапатталды. Жоғарыда аталған марапатталғандарды және барлық архившілерді кәсіби мерекемен құттықтап, зор денсаулық, жұмыстарына жеміс тілейміз.
      Салтанатты жиын, кәсіподақ ұйымының атынан барлық қызметкерлерге арналған жаңажылдық сыйлықты табыстаумен аяқталды.

    

20.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь