Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

"Ұлт қасіретін арқау еткен деректі басылым" атты тарихи-танымдық дәріс өткізілді.

     2024 жылғы 12 желтоқсанда облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада Семей қаласы мектептерінің кітапхана қызметкерлері мен тарих пәні мұғалімдеріне арналған "Ұлт қасіретін арқау еткен деректі басылым" атты тарихи-танымдық дәріс өткізілді.
  Қонақтар алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша архив көздерін жинау, зерделеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ Т. А. Кариева және "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова сөз сөйледі.   
   Т. Кариева қонақтарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 қарашадағы№456 Жарлығына сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау  жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылғанын еске салды. Комиссияның басты міндеті- кеңестік кезеңдегі саяси қуғын - сүргін  құрбандарының барлық санаттарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтіру. 
   Л. К. Қадырова қатысушыларға "Абай облысындағы кеңестік қуғын -сүргін зобалаңы" тақырыбында дәріс оқыды. Ол өңірлік комиссия шығарған жинақтар туралы айтып, КСРО прокуроры А.Я. Вышинскийдің сотталғандардан өзінің кінәсіздігі туралы, АОМА-да сақталған жаппай қуғын-сүргінге байланысты құжаттар туралы хаттарына ерекше назар аударды. "Семей" телеарнасына Л.К. Қадырова өткізілген іс-шара туралы сұхбат берді.


13.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь