Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

Астана қаласында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

2024 жылдың 22 қарашада Елдордамыз Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің  ұйымдастыруымен «Архив – 2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері республикалық және өңірлік мемлекеттік архивтердің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, тарихшылар қатысты. Аталмыш конференцияға Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягоз филиалының директоры Куренкеев Канағат Селеубаевич қатысты.

 Іс-шара «Архив-2025» жобасы аясында шетелдердегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау бағытында жасалған жұмыстарды талқылауға арналды. Конференция шеңберінде Қазақстан тарихына қатысты бірегей құжаттардың көрмесі ұйымдастырылды. Экспозицияда Ресей, Германия, Моңғолия, Беларусь, Армения, Түркия сияқты мемлекеттердің архивтерінен әкелінген құжаттар қойылды.

Іс-шара аясында «Материалы и документы Российского государственного военно-исторического архива по истории Казахстана XIX века» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

   

26.11
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь