2024 жылғы 24 қазанда Шәкәрім университетінің 90 жылдық мерейтой аясында, «Түркіге ортақ құнды мұра» халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға түркітанушы, профессор Ауезова Зифа-Алуа, түркітанушы профессор Роберт Эрмерс, жазушы, өлкетанушы Иминов Исмаилжан, М.О.Әуезов атындағы музейдің директоры Қонаев Дияр, қала университеттерінің профессор-оқытушылар құрамы, "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ директоры Б. Т. Мусин, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қатысты.
Қонақтарға "АОМА" КММ архив қорларынан М.О. Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы баяндайтын бірегей құжаттар көрмесін ұсынды.
Л. Қ. ҚадыроваМ. Әуезовтің жеке ісін, өзі толтырған сауалнаманы, жазушының қолтаңбасын көрсетті.
Көрме конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, қойылған құжаттарға қатысты сұрақтарға жауап берді.