Шәкәрім атындағы №5 гимназияның 100 жылдығына арналған мерекелік шара өтті
2024 жылғы 12 қазанда Абай атындағы театрда Шәкәрім атындағы №5 гимназияның 100 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Сабильянов, Абай облысының әкімі Ш.Байбеков, Семей қаласының әкімі Н.Нұрсағатов, Шәкәрім атындағы №5 гимназияның мұғалімдер құрамы, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қатысты.
"АОМА" КММ қонақтарға архив қорларында сақталған Шәкәрім атындағы №5 гимназияның тарихынан сыр шертетін бірегей құжаттар көрмесін ұсынды.
Л. Қ. Қадырова мектептің ең алғашқы құрылған кездегі тұңғыш қызмет еткен мұғалімдер Хайролла Ибрагимов, Махмұдов Кабир, Махмұдова Оразбибі, Темірбеков Жұматайдың жеке карточкаларын, өзітолтырғансауалнаманы,мұғалімдердіңқолтаңбасын көрсетті.
Көрме конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, қойылған құжаттарға қатысты сұрақтарға жауап берді.
14.10