«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай жас ұрпақ түрлі қызмет салаларында еңбек еткен үлкендерге құрмет көрсетеді. "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-нің Жарма филиалынан зейнеткерлікке шыққан қарттарын, архив саласының ардагерлерін жыл сайын Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, құрмет көрсету дәстүрге айналған. Осы жылы да С.С.Көшкінбаева, Е.С.Цой, К.К.Мухамеджанова, Г.Бекшенова, Г.Баяндинова, Н.Ермековті «Халықаралық қарттар күні» мерекесімен құттықтап, филиал ұжымы атынан зор денсаулық, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың арасында ұзақ бақытты өмір тіледі.