Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ.

      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

    Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алып анықтауға, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.
     Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сонымен қатар еліміздің халқаралық беделінде де және азаматтардың конституциялық құқықтары мен  бостандықтарына да елеулі нұқсан келтіретіні аса қауіпті құбылыс.
       Сондықтан кез келген барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуі міндетті.
Елдің ертеңі болашақ келер ұрпақ алдында еңсемізді бекіп көтеріп жүру үшін жемқорлық індетімен белсене отырып күресуіміз қажет. Бұл індет еліміздің дамуына, экономикалық өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні сөзсіз.
     Аталған тақырып 1 қазан 2024 жылы Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Аягөз филиалында талқылауға салынған мәселесі де, мәні мен мағынасы да осы кеселді жоюға арналған.  Жемқорлықты түп тамырына балта шабу, бүкіл қоғам болып оған төзімсіздік қөзқарасын қалыптастыру. Өйткені, әлемдік қаржылық дағдарыс кезеңінде жемқорлық мәселесі аса маңызды әлеуметтік мәселеге айналатыны ешкімге де жасырын емес. Әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосуы тиіс. Біздің әрқайсымыз осы мәселеде өз азаматтық ұстанымызды айқындап, түбірінен жою, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуді қоғам болып жоюға белсенділік танытуымыз қажет.

01.10
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь