Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

2024 жылғы 30 мамырда "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ-да 31 мамырда Қазақстанда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін күніне орайластырылған "Қасіретті жылдар зобалаңы тарих таразысында" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.

2024 жылғы 30 мамырда "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ-да 31 мамырда Қазақстанда атап өтілетін саяси қуғын-сүргін күніне орайластырылған "Қасіретті жылдар зобалаңы тарих таразысында" атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
Қатысушылардың назарына "АОМА" КММ "Тарихтан тағылым" құжаттық  көрмесін ұсынды.
Дөңгелек үстел отырысына тарихшы ғалымдар, Абай облысы мемлекеттік архиві мамандары, қоғам қайраткерлері және тарих факультетінің студенттері қатысты.
Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы А.С.  Садырбаев комиссияның жұмысы туралы айтып берді. Қонақтарға 34-52 том аралығында "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының материалдары  ХХ ғасырдың 20-50 жылдары" атты жаңа жинақтар ұсынылды.
Өңірлік комиссияның қызметіне белсенді қатысқаны үшін,  Абай облысы әкімінің атынан алғыс хаттармен "АОМА" КММ қызметкерлері - АОМА директоры Б. Т. Мусин, директордың орынбасары М. И. Перебеева, қорлардың бас сақтаушысы М. Т. Исенова, ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова, ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы А. Е. Шалыгин марапатталды.
Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні-кейінгі ұрпаққа тарихтың қайғылы беттерін және тарихи жадыны сақтау қажеттілігін еске салатын маңызды күн.

    

31.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь