2024 жылы 23 мамырда «АОМА» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК-да ұйымдастырылған, Жазушы, аудармашы Жүсіпбек Аймауытовтың 135 жылдығына орай, «Жүсіпбек Аймауытұлы-сегіз қырлы, бір сырлы дара тұлға» атты ашық тәрбие сағатына қатысты.
Колледж студенттері өздерінің дайындаған қойылымдарын қойып, Жүсіпбек Аймауытовтың өмір баянына кеңінен тоқталды.
Л.Қ.Қадырова «Жүсіпбек Аймауытовтың Семейдегі кездері архив құжаттарында» атты баяндама оқыды.
«Абай облысының мемлекеттік архив қорында сақталған құжаттарға кеңінен тоқталып, құжаттардың көшірмелерін көрсетті.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, студенттердің қызығушылықтарын туғызды.