2024 жылы 25 сәуірде «Alikhan Bokeihan University» Гуманитарлық факультет, «Тарих» білім беру бағдарламаларына аккредитациялық комиссия мүшелері «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ келді.
Абай облысының мемлекеттік архиві мен «Alikhan Bokeihan University» білім ордасы арасында шығармашылық байланыста болу үшін келісім шарт жасалған.
Басшылық комиссия мүшелерін архив бөлімдері мен олардың функционалдық қызметтерімен таныстырды. Жыл сайын университеттің «Тарих» мамандығына білім алып жатқан студенттер, магистранттар, докторанттары Абай облысы мемлекеттік архивінде іс-тәжірибеден өтеді.