Дәрісте ғалым – геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының және КСРО Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы айтылды. Қ. Сәтбаев Семей облысының Павлодар уезіндегі № 4 ауылда дүниеге келген, Семей қаласының мұғалімдер семинариясында оқыған, оны 1918 жылы экстернмен емтихан тапсырып бітірген. Диплом алғаннан кейін Қаныш Имантайұлы қаламызда екі жылдық педагогикалық курстардың жаратылыстану пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. АОМА қорларында сақталған Қ. Сәтбаевты 8 учаскенің судьясы лауазымына бекіту туралы 1920 жылғы құжат жөнінде атап өтілді.