Біліктілік санаттарын белгілеу мақсатында "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ мамандарын аттестаттау өткізілді.
2024 жылғы 11 сәуірде "Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтарының азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына" сәйкес кәсіби және біліктілік даярлығының деңгейін, іскерлік қасиеттерін объективті бағалау, біліктілік санаттарын белгілеу мақсатында "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ мамандарын аттестаттау өткізілді. Архившілер тестілеу және одан әрі ауызша жауап барысында жақсы теориялық және практикалық білімдерін көрсетті.
12 сәуірде комиссия "АОМА" КММ филиалдары - Аягөз және Жарма архивтерінің қызметкерлерін аттестаттаудан өткізді.
Аттестаттау қорытындысы бойынша жекелеген мамандарға қызметкердің біліктілігіне және оның жұмыс өтіліне сәйкес санаттарды арттыру ұсынылды.
12.04