2024 жылғы 31 қаңтарда "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова "Semei" телеарнасына сұхбат берді. Ол телеарна журналистеріне АОМА қорларынан табылған құнды құжаттар: КСРО Халық Комиссариатының Семей мелиоративтік экспедициясының архив қорында сақталған Шәкәрім Құдайбердиевтің жолсерік қызметін атқарған кезіндегі фотосуреті туралы; Ә. Бөкейхановтың Омбы қаласына сапарға рұқсат беру туралы өтініш туралы; Қайымның анасы Мұхамедханова Мақыпжанның Семей облыстық прокуратурасына өз қолымен жазған жұбайын негізсіз тұтқындау жөнінде шағымы туралы айтты.
Сұхбат соңында, Абай облысының мемлекеттік архивінде қызықты құжаттар табуға болатын көптеген архив қорлары бар деп, - қортындылады Лаура Қабдылғазықызы.