Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
background_img.png?_=1716539130

Ұлы Жеңістің 67-жылдығына арналады!



Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына солдат болған Николай Иванович Сырниковтың соғыстан жазған таң қаларлықтай аман қалған хаттары келіп түсті.
Бірегей коллекция «Прииртышье» Семей ғылыми қоғамының өлкетанушыларымен табыс етілді.
Барлығы коллекцияда 100-ден астам хаттар бар, соның 80-і өзінің анасына жазылған хаттары. Коля хаттарын қолы босаған уақыттарда әрбір станциядан жазып отырған.
Коля Сырников соғысқа 1941 жылы 19 жасқа енді толған шағында аттанды.
Новгород қаласындағы Ұшқыштар мектебін атқыш-радист мамандығы бойынша тәмамдап, 1942 жылы жарақат алған, жарақат алған соң сержант атағын алды. Соңғы хат 1944 жылдың қаңтар айымен белгіленген, ал 1944 жылы 12 ақпанда Коля Витебск жанындағы ұрыста қаза тапты.
Аталмыш қор Николай Сырниковтың фотосуреттерінен, анасы Мария Кузминичнаның фотосуреттерінен, отбасы мұрағаты фотосуреттерінен, Николай мен өгей әкесі Михаил Бурмистровтың өлімі туралы хабарламадан тұрады.
Құжаттар 1938 және 1944 жылдар аралығын қамтиды.



 



background_img.png?_=1716539130